Павлодар қаласындағы Мәшһүр Жүсіп атындағы мектепте орналасқан №60 дауыс беру учаскесі де өз жұмысын жалғастыруда. Комиссия мүшелері арнайы топ құрып, денсаулығына байланысты учаскеге келе алмайтын азаматтарға барып, өз таңдауын білдіруге мүмкіндік жасады.
Сабина Жолдаспаева, тілші
Біз қазір Павлодар қаласының тұрғыны, өмір тәжірибесі мол 100 жастағы Анна апаның үйіне келдік. Ал, 16 наурыз күні апаның жасы 101 ге толады. Бүгін арнайы комиссия тұрғынға барлық қажетті жағдай жасап, өз таңдауын білдіруге мүмкіндік берді. Абзал Серікқалиұлы өзіңіз айтып өтсеңіз, жалпы бүгін қанша тұрғынға арнайы барып, өз таңдауын білдіруге мүмкіндік жасау жоспарланды?
Абзал Абдоллаев, №60 референдум учаскесінің комиссия мүшесі
Жалпы №60 референдум учаскісінің комиссия мүшесі болып табыламын. Бүгінгі күні 49 үйді аралау өтініші түсті. Аралап жатырмыз. Оның ішінде жасы 80нен асқан, 100 жасқа толған ата-әжелер және мүгедектігі бар кісілерді аралап жатырмыз.
Кейуананың белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігі көпке үлгі. Жүз жасқа толған апа өз таңдауын жасады.
Анна Синицына, Павлодар қаласының тұрғыны
Мен баршаңызға ең алдымен денсаулық тілеймін. Әр адам еркін жүріп-тұрып, қалаған жеріне бара алса екен деймін. Барлығыңыздың өмірлеріңіз жақсы болып, қалағандарыңыз орындалсын.
Референдум учаскілері таңғы сағат 7 ден кешкі сағат сегізге дейін жұмыс істейді.
Сабина Жолдаспаева