Бүгін елордада «Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды. Отандық телеарналар, басылымдар мен ақпараттық агенттіктердің интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілетін шара 09:00-де басталып, түнгі 01:00-ге дейін жалғасады. Онлайн марафонда саяси қайраткерлер, қоғамға танымал азаматтар, өз саласында табысқа жеткен мамандар, өнер мен мәдениет өкілдері және стартаперлер қатысып, ел дамуының маңызды бағыттары жөнінде пікір алмасады. Шара шымылдығын 100 домбырашы «Балбырауын» күйімен ашты. Ауқымды шараны «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұйымдастырып отыр. Он алты сағатқа созылатын шара барысында қоғамдағы өзекті тақырыптар талқыланып, ел дамуына қатысты бастамалар мен инновациялық жобалар таныстырылады. Марафонда 5 негізгі алаң жұмыс істейді. Басты сахнада қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен танымал тұлғалардың қатысуымен өтетін негізгі пікірталас алаңы, Екінші алаңда, Ток-шоу– білім беру, креатив индустрия, цифрландыру, жасанды интеллект студиясы. 3. Инновация алаңы – жасанды интеллект жобалары, роботтар, отандық стартаптар мен IT өнімдер таныстырылатын арнайы кеңістік. 4. Орталық коммуникациялар алаңы – республиалық референдумның өту барысына қатысты ресми органдар өкілдері мен сарапшылар әр екі сағат сайын тікелей эфирде пікір білдіреді. Ал экспресс-камера – шараға қатысушы көрермен пікірін жеткізетін интерактивті формат болмақ.