№10 референдум учаскесі
Учаске есігін айқара ашқан сәттен тұрғындар таңдау жасай бастады. Алғашқы лектің қарасы айтарлықтай мол болды деуге болады. Әсіресе ересек тұрғындардың белсенділігі жоғары.
Полина Санкина, №10 референдум учаскесінің комиссия төрағасы
Учаске де тіркелген дауыс берушілер саны 1764 адам. Оның ішінде 30 ға жуық адам алғаш рет дауыс беру мүмкіндігіне ие болғандар. Алғаш келген дауыс берушіге, алғаш рет дауыс берушіге сыйлықтар дайындадық. Сменалық жұмыстағы азаматтар таңертең ерте келіп дауыс беруде. Белсенділік жоғары.
Тұрғындардың көпшілігі бұған дейін де референдумда өз таңдауларын жасаған. Яғни, азаматтар үшін бұл тосын жайт емес.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов та таңғы лекпен бірге келіп таңдауын жасады. Аймақ басшысы бүгін ел тарихы үшін маңызды күн екендігіне тоқталды.
Сондай-ақ, номері оныншы сайлау учаскесі алдында ауыл шаруашығы жәрмеңкесі де ұйымдастырылды. Азаматтар үшін арзандатылған баға да азық-түлік өнімдері ұсынылды.