Павлодар облысында Ертіс өзенінің «жылы ағыс» сағасында су бетінде майлы қабат байқалды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба тұрғындардың алаңдаушылығын туғызды. Экологтар қазіргі уақытта жағдайды тексеріп жатыр. Ластануы ықтималдығын анықтауда.
Әлеуметтік желіде тараған видеода су бетінде майға ұқсас жылтыр қабат анық байқалады. Бұл жай ғана лай немесе тұрмыстық қоқыс емес. Мұнай өнімдеріне ұқсас ластану болуы мүмкін. Дегенмен нақты қорытынды тек зерттеу нәтижесінен кейін ғана белгілі болады. Экология департаментінің мамандары өзен сағасынан арнайы сынама алып, зертханаға жіберді.
Әсет Сыздықов, Павлодар облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары
Кеше Instagram парақшасында жарияланған бейнежазба бойынша экология департаментінің аккредиттелген сынақ зертханасы Ертіс өзенінің су сапасын «мұнай өнімдері» көрсеткіші бойынша зерттеу мақсатында көшпелі тексеру жүргізді. Бес күн ішінде сынама жұмыстары дайын болады.
Тұрғындар арасында «жылы ағыс» деп аталатын бұл өзен тармағы қыстың күні де қатпайды. Себебі Ақсу қаласындағы МАЭС электр стансасы Ертіс өзенінің суын өндірістегі жабдықтарды салқындату үшін пайдаланады. Өзен суы стансаға табиғи күйінде кіріп, жабдықтарды суытқаннан кейін біршама жылы күйде қайтадан өзенге қосылады. Сондықтан бұл саға қыс бойы буы бұрқырап ағып жатады.
Әсет Сыздықов, Павлодар облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары
Ертіс өзенінің арнасына жылуалмасу суларын ағызудың жалғыз көзі – Еуразиялық энергетическая корпорацияның станциясы болып табылады. Мұнда өзен суы жобалық схемаға сәйкес жабдықтарды салқындату үшін пайдаланылады. Электр станциясының сегіз энергоблогынан шығатын жылуалмасу сулары төрт ашық көмірбетон канал арқылы, сифондық құдық арқылы өтіп, әрі қарай ашық бұру каналы арқылы Ескі Ертіс протогының арнасына, одан негізгі Ертіс өзенінің арнасымен қосылғанға дейін ағызылып жіберіледі. Қабылданған техникалық сумен жабдықтау схемасына сәйкес турбоагрегаттардың конденсаторлары мен газ-май жүйесін салқындатқаннан кейінгі жылуалмасу сулары Ертіс өзеніне оның протогы арқылы ағызылып жіберіледі.
Мамандар өзендегі жағдайды мұқият бақылауға алды. Су құрамының зертханалық нәтижелері алдағы бірнеше күнде белгілі болады. Осы уақыттан кейін ғана судың нақты неден ластанғаны анықталады.
Сабина Жолдаспаева