Сабина Жолдаспаева, тілші

Мемлекеттік әнұран шырқалып, Павлодар қаласындағы 6679 әскери бөлімінде орналасқан №116 дауыс беру учаскесі салтанатты түрде ашылды. Қазір мұнда мерзімді әскери қызметшілер мен бөлімнің жеке құрамы республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасап жатыр. Жалпы бұл учаскеде үш жүзге жуық әскери қызметкердің дауыс беруі жоспарланған.

Дауыс беру учаскесінде барлық қажетті жағдай жасалған. Әскери қызметшілер азаматтық белсенділіктерін көрсетті. Референдум — елдің саяси өміріндегі маңызды оқиға. Оны әскери бөлімнің жеке құрамы мен сарбаздары жауапкершілікпен қабылдады.

Кенен Мыңбай, сарбаз

Бүгін біз үшін ерекше күн. Елімізде референдум өтіп жатыр. Мен әр азаматтың өз дауысын беріп, болашаққа үлес қосқанын қалаймын. Менің жасым 21де, мен алғаш рет өз таңдауымды жасағалы отырмын. Бұл мен үшін маңызды сәт болғалы тұр.

Республикалық референдумға қатысушылар Конституцияның жаңа жобасына қатысты өз таңдауын жасады.

Сабина Жолдаспаева