Көктем келді. Көбік қар еріп, қасат қар жібіді. Алдағы күндері ауа темперетурасы тұратқы түрде жыли берсе, арты қарғынға айналуы мүмкін. Бұндай жағдайға төтеп береуге қазірден қамданып жатқан төтеншеліктер бүгін техникалардың дайындығын тексерді.

Технкалық байқау барысында қолда бар күштердің қаншалықты дайын екендігі тексерілді. Ақпан айының соңында «Көктем-2026» оқу-жаттығу жиыны өткен еді. Бұдан да өзге дайындық жұмыстары жасалған. Павлодар облысы бойынша 58 елдімекен қауіпті жоғары қауіп санатына енді. Ол ауылдардағы жағдайлар да жіті бақылауда дейді төтеншеліктер.

Биылғы қыс қарлы болды. Ылғал мөлшері жылдағыдан әлдеқайда жоғары. Оған қоса күн де салыстырмалы түрде ерте жылынуда. Қазгидромед алдағы күндері бұдан да әрмен жылынып, қардың күрт еруі мүмкін екендігін ескертіп отыр. Төтеншеліктер, ондай жағдайда төнетін қауіпке қарсы қамдануда.

Су тасқыны ең қауіпті ауылдар Баянауыл және Ақтоғай аудандарында. Көктемгі су астқынына қарсы төтеншеліктер ғана емес, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер де дайындалуда.