Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко да өзінің азаматтық ұстанымын білдірді. Ол Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы кітапханада орналасқан №15 референдум учаскесіне келіп, дауыс берді.

Илья Теренченко, Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы

Бүгін мен референдум учаскесіне келіп, таңдауымды жасадым. Болашақ, бейбітшілік пен келісім, тәуелсіздік, адам құқықтары мен құндылықтар үшін дауыс бердім. Бұл, мен үшін саналы шешім.