Қар кетіп, жер көгерген соң облыс бойынша абаттандыру жұмыстары басталады. Бұл бағытта биылғы жоспар аз емес. Тіпті, жылдағыдан ауқымы да ұлғайды деуге болады. Нақты қандай шаралар жоспарланып отыр? Облыс әкімдігіндегі жиында талқыланды.

Абаттандыру бүкіл облыс аумағын қамтиды. Мәселен, Ақсу қаласында саябақ құрылысы, Екібастұз қаласында «Шахтер» саябағын жөндеу, Жасыбай жағасында да абаттандыру құрылысын жүргізу сияқты маңызды жобалар бар. Сонымен қатар, аулаларға да айрықша көңіл бөлінбек.

Ержан Иманзайыпов, Павлодар облысы энергетика және түкш басқармасының басшысы

2026 жылға 139 ауланы абаттандыру жоспарланған. Жобалар аясында балалпр ойын алаңдарын орнату, жарықтандыру және асфальттау қарастырылған. Жұмыстар аяқталғаннан кейін Павлодар мен Ақсу қалаларында балалар ойын алаңдарымен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді. Екінші бағыт жасыл қорды дамыту. Өткен жылы 66 мың ағаш отырғызылды. Ағымдағы жылы 63 мың ағаш отырғызу жоспарлануда.

Ағаштарды отырғызып қана қоймай, аман-сау өсуі де қадағануда. Экологтар тартылып, сараптама жасауда. Олардың пкірінше егілген ағащтардың жерсінуі 90 пайыз.

Жақында «жасыл ел» жасағы да жұмысын бастайды. Абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына барлық халықты тарту жоспарланған. Басты міндет тазалықты, экологиялық жауапкершілікті жалпы жұртшылықтың санасына сіңіру. Ол үшін тәрбие сағаттарын күшейтілетіндігі айтылды.

Әр адамның қоршаған ортаға жауапкершілігі жаңа Конституция жобасына да енгізілген. Тек, бұл жауапкершілікті нақты іс арқылы үйлестіру міндеті тұр.