Май ауданының орталығында орналасқан Ерсін Мұқашев атындағы мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қолайлы жағдай жасалған. Мұнда заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді. Кабинет мүмкіндіктері жайында әріптесім Жұлдыз Қабылденова тарқатады.
Бұл мектепте барлығы 397 оқушы білім алады, олардың ішінде 22-сі ерекше білім беруді қажет етеді. Олардың ортаға бейімделіп, мектеп өміріне еркін араласуы үшін өткен жылдың қараша айында инклюзияны қолдау кабинеті ашылған.
Гүлдара Майманова, Е. Мұқашев атындағы ЖОББ мектебінің басшысы
«Инклюзияны қолдау кабинеті, әрине, қазіргі таңда өте күрделі мәселелрдің бірін қамтып жатыр. Ол балалардың білім алуына кедергісіз, ашық алаң беруде. Іші бәрі заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Кадр тапшылығы жоқ – бізде екі психолог және бір логопед жұмыс жасап жатыр»
Мамандар балалардың ойлауын, зейінін, есте сақтау қабілетін, қарым-қатынас дағдылары мен эмоциялық дамуын жетілдіріп, сөйлеу бұзылыстарын түзету бағытында жүйелі жұмыс істейді. Әр баланың мүмкіндігі ескеріліп, тиімді оқу процесі ұйымдастырылады. Ол үшін кабинет қажетті заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Анар Алтай, Е. Мұқашев атындағы ЖОББ мектебінің мұғалім-логопеді
«Каждыйын индивидуально әкеліп, бірінші диагностика жасаймыз, речевая картасын толтырамыз, сосын каждый балаға индивидульно қарап, жұмыстарды жоспарлаймыз, жыл бойынша сол жоспарға қарап жұмыс жасаймыз. Айнамен артикуляциялық жаттығудан батаймыз, одан кейін автоматизация қоямыз. Например бір әріпті айтамыз «р», сосын «р»-дан кейін уже дальше кетеді – оны слогтарға – буындарға, сөздерге, предложенияларға солай ақырындап машықтандырып, қосамыз»
Балалар мұнда сабақтан тыс уақытта жеке оқу жоспарларына сәйкес аптасына 1-2 рет келіп отырады.
Жұлдыз Қабылденова