Павлодар облысының ең үздік қосымша білім беру ұйымы анықталды. Өңірдің 9 үздік ұйымы өзара бақ сынасты.
Катаев атындағы Оқушылар сарайына үздік деген білім беру ұйымдары жиналды. Мақсат – сайыста үздік өнер көрсетіп, мықтылардың қатарынан көріну. Жалпы шара инновациялық және тиімді білім беру мекемелерін анықтауға бағытталған. Финалдық кезеңге қатысушылар — өңірлік білім беру жүйесінің танымал көшбасшылары деуге болады.
Мөлдір Мұсаева, Павлодар облысы білім беру басқармасының бас маманы
Бүгін бәріміз облыстық қосымша білім беру атты байқау өтіп жатыр. Білім беру саласындағыв маңызды қадам бірі. Бүгін 38 ұйымынан 9 жолдама алды. сәттілік тілейміз.
Бұл наурыз айында өткен іріктеу кезеңінде сарапшылар тарапынан жоғары бағаланған инновациялық тәжірибе мен кәсіби жетістіктердің нәтижесі. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде заманауи трендтерді қалыптастырып жүрген ең үздік ұйымдар өзара бақ сынасты. Алдымен 3 минуттық бейнеролик көрсетілді, кейін 7 минут жоба қорғалды.
Ғалия Хабдраш, Майқайың балалар өнер мектебі басшысының орынбасары
Байқау кезеңдері бірінші бейнешолу жасалды. Барлық комендаларға сәттілік тілейміз.
Қазылар алқасының құрамында Білім беру басқармасының өкілдері мен облыстың жетекші әдіскерлері болды. Сарапшылар тек кәсіби көрсеткіштерді ғына емес, сонымен қатар материалдың креативті ұсынылуын, педагогтар мен тәрбиеленушілер командасының ауызбіршілігін бағалады. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Самал Қалиқызы