Әдемі, түрлі түсті ұлттық киім, әсерлі ән мен би. Ақсу қаласының мектептері дәстүрлі түрде «Бір шаңырақ астында» фестивалін өткізді. 15 білім беру ұйымы өнерлерін ортаға салып, қазақ жерінде тату тәтті өмір сүріп жатқан әр этностың салт дәстүрінен үзінді көрсетті. Толығырақ тілшіміз айтсын.
 Ақсу қаласында «Құқықбұзушылықсыз мектеп» жобасы біраз жылдар бойы жүзеге асып келеді. Биыл жоба 1 мамыр бірлік күніне орай «бір ашаңырақ астында» ауқымды шарасын қолға алды. Негізгі мақсат – оқушылар, ұстаздар, ата аналар арасындағы достықты бекіту, түрлі этнос өкілдерінің мәдениетін, әдет ғұрпын құрметтеуді насихаттау.
Ризагүл Негманова, Ақсу қаласы әкімінің орынбасары
Құқықбұзушылықсыз мектеп жоба аясында жасалып жатқан шара өте маңызды. Өте өзекті. Осындай көріністі көргенде көңілін толады. Бір шаңырақта бір мемлекетте бірге өмір сүріп жатырмыз. Достық бірлік, береке болсын. Татулық бар жерде бірлік бар деп қазақ халқымыз бекер айтпаған.
Сонымен, фестивальға Ақсу қаласы мен ауылдық аймағынан 15 мектеп қатысты. Әр білім беру мекемесі белгілі бір этнос өкілі ретінде киініп, сол этностың тілінде өздерін таныстырды. Екінші кезеңде салт дәстүрден көрініс қойса, үшінші шешуші кезеңде ұлттық ән мен биден шашу шашты.
Қызғалдақ Ерғазинова, Ы.Алтынсарин атындағы мектептің мұғалімі
Бір шаңырақ астында деген бүгінгі іс шараға бүгін біз Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептен келіп отырмыз. Бүгінгі көрсететін салт дәстүріміз қырғыз халқының қыз ұзату рәсімі, дәріптейтін боламыз. Қазақ қырғыз бір туған деген сияқты қырғыз халқының салт дәстүрі бізге ұқсайды. Бүгінгі мереке құтты болсын. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын.
Әдемі түрлі түсті киім, керемет көңіл күй фестивальға ерекше атмосфера берді. Үлкендеріміз де осындай шаралардың өскелең ұрпақ үшін маңызы зор деп отыр.
Рымкеш Сламбекова, Ақсу қаласының құрметті азаматы
Бірлігімізді, ынтымағымызды көрсететін мереке болғандықтан оның қадір қасиетін жоймасақ екен деймін. Өйткені ынтымақ, бірлік арқылы залық тек қана сыйластық табады. Бәрін құттықтаймын. Ақсу қаласының ұлы жобасын. Әлі де жалғасын табатынына біз сенеміз. Бұл жастар үшін, болашақ үшін жасалып жатыр. Қазақстанымыз көркейе берсін.
«Бір шаңырақ астында» сөзінің мағынасы тереңде. Әлемдегі геосаяси ахуал тұрақтамай тұр, жан жаққа қарасаң үрей мен қорқыныш. Осындай сәтте ғана елдегі бірлік пен достықты, берекенің бағасы құнды екенін түсінесің.
Самал Қалиқызы