Бүгін Павлодарда облыс ардагерлері бас қосты. Оған аудангдар мен қалалардан 135 делегат қатысты. Бес жылда бір рет өтететін аға буын өкілдерінің ауқымды жиынында өткен жылдардың есебі жасалды.

Ардагерлер кеңесі қоғамдағы белсенді бірлестіктердің бірі. Кеңестің әр мүшесі бүгінгі жастармен өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, әр түрлі шараларға ат салысып тұрады. Жиынға қатысқан оббыс әкімі де аға буын өкілдерінің еңбегі ерекше екендігіне тоқталды.

Бұдан соң ардагерлер кеңесінің бес жылдық тыныс-тіршілігі қорытындыланды. Өңірдің жасы үлкен, көргені көп азаматтары әр түрлі мәдени, әлеуметтік шаралардан тыс қалған емес. Қоғамның да қарттарға деген қамқорлығы бөлек. Әр түрлі акциялар арқылы қайырымдылық шаралар ұйымдастырылып, көңіл бөлініп тұрады. Мемлекет тарапынан «Күміс жас» жобасы арқылы жұмыспен қамтылады. 90 ға жуық мекеме ардагерлердің белсенді өмірін қолдайды.

Жиында облыстақ ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы да сайланды. Бұл қызметке осы уақытқа дейін Павлодар қалалық ардагерлер кеңесін басқарып келген Кенже Кеңесбаев бірауыздан қолдау тапты.