Мәслихат депуттарының жұмысы цифрландырылып келеді. Павлодар қалалық мәслихаты кезекті жобаны қолға алды. Достық үйінде мәслихаттың виртуалдық көмекшісі таныстырылды. Бұл тұрғындарға үйден шықпай-ақ кез келген сұрақтың жауабын алуға мүмкіндік беретін цифрлық жоба.  

2026 жыл Мемлекет басшысының бастамасымен цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп бекітілді. Соның аясында облыстық мәслихат депутаттарымен кезекті жоба қолға алынды. 14 мамыр күні Премьер министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен кеңес өткен еді. Сонда Павлодар облысының цифрлық бастамалары да таныстырылып, қолдау тапты. 

Илья Теренченко, Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы 

Біздің жұмыстың маңызды бағыттарының бірі - Павлодар облыстық мәслихаттарын жаңғырту болды. Цирфлық құралдарды дамыту, депутаттық қызметті жүзеге асыру үшін заманауи жағдайларды жасауға бағытталған. Сондай жұмыстардың бірі – цифрлық виртуалдық кеңесшіні іске қосу болды. қазіргі уақытта виртуалдық кеңесті тесттік режимде жұмыс жасап тұр. 

Мәслихаттың цифрлық кеңесшісі жобасын Павлодар қалалық депутаттарының бастамасымен, қолдауымен Ақпараттық технологиялар колледжінің ұстаздары мен студенттері іске асырды. Қосымша 3 тілде ақпарат ұсынады. Оның жүзеге асуына бюджеттің бір тиыны жұмсалмаған. Жүйеде өңірдің кел келген тұрғыны өзін алаңдатқан сұрақты қоя алады. 

Мәслихаттық виртуалды кеңесшісі көпшілік алдында таныстырылды. Яғни қалай кіру, тіркелу, қандай баптауларды басу бәрі түсіндірілді. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар жаңа жүйеге қатысты өз ойларымен бөлісіп, оны жетілдіру мақсатында біраз ұсыныстарын жеткізді. Бұдан бөлек, отырыс барысында Павлодар облыстық мәслихаты, облыстық қоғамдық кеңесі мен ардагерлер кеңесі өзара үшжақтық меморандумға қол қойды. 

Кенже Кеңесбаев, Павлодар облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Бүгінгі күні біздің қоғамда әсіресе ардагрелер түсінбей қалатын жағдайлар бар, жасанды интллект, алаятық бар. Сол үшін ардагерлерді оқыту керекпіз. Меморандумға қол қоямыз келісеміз.  

Виртуалдық кеңесші жаңа ақпараттармен күн сайын толығып отырады. Павлодарлық депутаттар жаңа жүйе – жаңа мүмкіндіктер береді деп отыр. 

Самал Қалиқызы, тілші

Мәслихаттың вертуалды кеңесшісі жобасы әзірге Павлодар қаласы бойынша жүзеге асатын болады. Павлодар облыстық, қалалық мәслихаттары 2023 жылдан бері осындай жобаларды іске асырады. Кейін алып, өздерінде қолдануда. 


Самал Қалиқызы