Жұмыс іздеп жүргендер мен қызметкерге мұқтаж жұмыс берушілерді бір алаңға тоғыстырған облыстық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі Павлодар қалалық саябағында өтті. Ауқымды шарада 50-ден астам кәсіпорын 1300-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынып, тұрғындарға тұрақты еңбекке орналасуға мүмкіндік берді. Жәрмеңке Еңбек мобильділігі орталығының бастамасымен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды.


Жәрмеңкеге өңірдегі 50-ден астам кәсіпорын қатысып, 1300-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынды. Ұйымдастырушылар мыңнан астам жұмыс іздеуші келеді деп жоспарлаған. Сонымен қатар, мемлекеттен грант алып, өз кәсібін бастаған кәсіпкерлер де өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.

Қарлығаш Асаимова, Павлодар қалалық мансап орталығының директоры

Бүгінгі жәрмеңкеге 50-ден астам кәсіпорын қатысып отыр. Мыңға жуық жұмыс іздеушіні күтіп отырмыз. Сонымен бірге мемлекеттік грант арқылы кәсібін ашқан кәсіпкерлер де өз өнімдерін таныстыруда. Қазіргі таңда ең сұранысқа ие мамандықтар – токарь, дәнекерлеуші, слесарь, монтер сияқты жұмысшы мамандықтары. Бүгінде жұмыссыз ретінде тіркелген төрт мыңнан астам азамат бар. Біз олардың әрқайсысын жұмыспен қамтуға және лайықты еңбекақысы бар жұмыс табуға көмектесуге тырысамыз.

Ұсынылған жалақы мамандыққа қарай әртүрлі. Қарапайым қызметтерде еңбекақы 130 мыңнан 180 мың теңгеге дейін болса, білікті техникалық мамандар 500 мың теңгеге дейін жалақы алады. Жәрмеңкеге келе алмаған азаматтар жұмыс күндері мансап орталығына барып, бос жұмыс орындары туралы ақпарат ала алады. Ал 28 маусымнан бастап «Бастау Бизнес» жобасына өтінім қабылдау басталады.. 

Айнұр Әлсейітова, №44 мекемесі бастығы кезекші көмекшісінің орынбасары

Талаптардың біреуі ол жасы 35тен аспаған азаматтардың барлығын қабылдаймыз. Бүгінгі біздің сұқбаттан кейін ол кісілерді өзімізге шақырамыз. Бізде арнайы кадр бөлімі бар барлығы ақпаратты алады. Ең бастысы медициналық тексерістен өтуі керек.

Жәрмеңкеде жұмыс іздеушілердің жас ерекшелігіне қарай таңдауы да әртүрлі. Егде жастағылар жеңіл жұмыстарға қызығушылық танытса, жастар ІТ, банк, қаржы, есеп және аудит салаларын таңдайды. Соңғы уақытта медицина саласына да қызығушылық артып келеді. Жұмыс іздеушілер арасында оқуын жаңа аяқтаған түлектер де, өндірісте жарақат алып, басқа мамандық іздеп жүрген азаматтар да бар. Сондай-ақ, өз кәсібін табысты дамытып отырған кәсіпкерлер тәжірибелерімен бөлісті.

Абай Әйткеш, кәсіпкер

Осы алған кредиттарымның арқасында аппараттарымның бәрін жаңартып, қазіргі кезде жұмыс жақсы жүріп жатыр. Менің қасымда қазір 3-4 адам жұмыс істейді. Және де сатылымға 25-30 литрдей шығарылды.

Майқайың кентінен келген кәсіпкер де қолөнер бұйымдарын көрмеге қойып, мемлекеттік қолдаудың кәсіп ашуға мүмкіндік бергенін айтты.

Нұргүл Дүкенбай, кәсіпкер

Менде грантта бастаған кезде декреттке едім. Қазіргі таңдав мен өз кәсібімді дамытқаннан кейін әр саладан қарап кірісіп кеттім десем болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мемлекет жастардың тәжірибе жинақтауына да қолдау көрсетіп келеді. Оқуын аяқтаған жастар өндірістік тәжірибеден өтіп, ай сайын 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем алады. Қажет болған жағдайда жұмыс берушілер қосымша ақы төлеуге де дайын. Биыл бұл – ұйымдастырылып отырған жетінші ірі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі.

Дильназ Қуанышбекқызы