Жаңа Конституция еліміздің дамуы бағытындағы негізгі қағидаттарды нығайтып, әрбір азаматтың құқықтарын мен міндеттерін айқындайды. Құжатта білім беру және жастарды қолдау мәселелеріне де ерекше назар аударылған.


Білім беру саласы мамандарының пайымдауынша, конституциялық өзгерістер сапалы білім алу мен кәсіби шыңдалуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сонымен қатар, Ата Заң – әрбір азаматтың құқықтары мен бостандығының мызғымас кепілі, сондай-ақ демократиялық және зайырлы мемлекетіміздің басты құндылықтарының тірегі.

Анжелика Сизько, Веселая роща ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі

«Жаңа Конституцияда білім беру саласына қатысты баптар көп. Бұл біздің балаларымыз бен жас ұрпақтың жоғары және кәсіби білім алуына кеңірек мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Ата Заңымыз әрқашан біздің құқықтарымыз бен бостандығымыздың сенімді қорғаны болмақ.» 

Спикер атап өткендей, Конституцияны білу және оны қатаң сақтау – әрбір азаматтың басты міндеті әрі қоғамның тұрақты дамуының негізгі шарты.

Анжелика Сизько, Веселая роща ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі

«Жаңа Конституцияны қабылдай отырып, біз Қазақстанымыздың қарқынды дамуы мен гүлденуін мақсат етеміз және оған кәміл сенеміз. Конституция талаптарын сақтау арқылы негізгі құқықтар мен бостандық қорғалатын болады.» 

Әр азаматтың құқығы қорғалатын мемлекет құру Ата Заңға деген шынайы құрметтен басталады.


Жұлдыз Қабылденова