Қазір қоғамда той мәселесі өзекті талқыға айналды. Мұнда екіұдай көзқарас бар: бірі тойды береке мен молшылықтың, дәстүрдің белгісі деп бағаласа, енді бірі оның санын азайтып, қарапайым атап өту қажет екенін алға тартады. Дінде бұл туралы не айтылған? Ал көпшілік не дейді? Тақырыпты әріптесім жалғастырады.
Қазір, әсіресе, әлеуметтік желілерде тойдың түр-түрін көруге болады. Салт-дәстүрге сай, жөн-жоралғысымен өтетін әдемі кештермен қатар, өзара жарысып, шектен тыс шашылу мен жұрттан қалмау үшін несие алу үрдісі де жиіледі. Осы ретте Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің наиб имамы Қанат Қабдыкәрімұлы ысырапшылдықтан сақтану қажет екенін алға тартады.
Қанат Қабдыкәрімұлы, Мәшһүр Жүсіп облыстық орталық мешітінің наиб имамы
«Адам баласы ысырап жасайтын болса, Алланың бергенін шектен тыс шашатын болса, ол жерде берекет болмайды дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерде жеткізеді «Ішіңіздер, жеңіздер, киініңіздер, садақа беріңіздер», - дейді, - және де тәкаппарлықтан және ысырапшылдықтан сақтаныңыздар, - деп пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің хадистерінде жеткізіп тұр. Адам баласы Алланың нығметін және өзінің еңбектеніп тапқан дүниесін оңды-солды шашпай, дұрыс пайдаланатын болса, Алла тағаланың жақсылығы мен берекеті болады, - дейді»
Бұл тақырып бойынша қала тұрғындарының пікірлерін сұрап көрдік. Олардың бұл мәселеге қатысты ой-тұжырымдары мынадай:
Байқағанымыздай, қазіргі уақытта тұрғындар арасында да той-томалақты ысырапсыз, қарапайым форматта өткізуді қолдайтындар қатары артып келеді. Демек, ұлттық дәстүрді сақтай отырып, отбасылық шараларды да артық шығынсыз, мағыналы әрі заманауи үлгіде өткізуге болады.
Жұлдыз Қабылденова