Қала күнін тойлау аясында Павлодарда алғаш рет Countre srtike-тан 2.0 жарысы өтеді. Оған облыстың маңыздағы қалалар қатысады. Киберспортшылар ойынын орталық жағалауда үлкен экраннан көруге болады. Жалпы қала күні қалай тойланады? Мерекелік кеш хэдлайнерлері кім болады? Тілші сюжетінде.
Павлодарда қала күні 25 шілдеде атап өтіледі. Осыған орай шаһарда түрлі іс шаралар қолға алынбақ. Мерекені атап өту 10 шілдеде жағажай футболы чемпионаттарынан басталды. Баскетболдан балалар мен жасөспірімдер арасында жарыс та ұйымдастырылды.
Светлана Гладышева, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары
25 шілде сағат 10.00-де шахматтан ашық турнир өтеді. Оған кез келген павлодарлық қатыса алады. Музыкалық шаралар кешкі уақытта ұйымдастырылады. Оған республикадық, халықаралық деңгейдегі әншілер қатысады. Ал, 26 шілде күні дәстүрлі «қала ран фэст» жүгіру марафоны өтеді. Биыл оған тек павлодарлықтар ғана емес, қонақтар да қатысады. Таңғы 6-да орталық жағалаудан жүгіру басталады. «Заң және тәртіп» аясында өтеді.
Сонымен, қала күні мерекесінің кеш хэдлайнерлерін әкімдікте айтуға асықпады. Әлі келіссіөздер жүріп жатыр, деді. Бірақ, кеш қонақтары әр жастағы көрерменнің көңілінен шығатынына уәде берді.
Светлана Гладышева, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары
26 шілде күні сағат 16.00-де қала әкімінің бастамасымен Променад алаңында облыстық маңыздағы қалалар арасында бірінші Контр Страйк 2.0 жарысы өтеді. Ең мықты деген киберспортшылар бақтарын сынай алады. Қала тұрғындары орталық жағалауда үлкен экран арқылы өз командаларына жанкүйер бола алады. 20-шілдеге дейін өтініштер қабылданады. Іріктеу кезеңі қаладағы компьютер клубтарының бірінде болады.
Қалалық бюджеттен шаһардың туған күнін атап өтуге 12 млн теңге бөлінді. Айта кету керек, қаланың әр ауданында ауқымды шаралар атап өтіледі.
Светлана Гладышева, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары
24 шілде күні Усолка шағын ауданындағы 25 пен 42 мектеп аралығында, Достық ауданында 16 мектеп аумағында кешкі музыкалық бағдарлама мен спорттық шаралар қарастырылып отыр. Ал, 25 күні барлық шағын аудандарда түрлі концерттер, шаралар ұйымдастырылады.
Бұдан бөлек, қала күні аясында түрлі деңгейдегі спорттық, музыкалық шаралар өтеді.
Самал Қалиқызы