Ертіс ауданында ауыларалық жолдар жөнделуде
Ертіс ауданында ауыларалық жолдар жөнделуде. Облыс әкімі Асайын Байханов ауданға жұмыс сапары барысында бұл бағыттағы жұмыстардың да барысын тексерді. Тиісті жобаларды сапалы атқаруды тапсырды.
Қазіргі уақытта Ертіс ауданында Голубовка мен Қызылқақ ауылдарын жалғайтын автожолдың 19,5 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстардың 90% орындалып, 16,9 км жолға асфальтбетон жабыны төселді. Жөндеу жұмыстарын 1 қазанға дейін толық аяқтау жоспарлануда.
Нығман Жүсіпов, Ертіс ауданының әкімі
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Панфилов-Бестөбе биыл аяқталды. Енді Майқоңыр-Бескепе қалды Асайын Қуандықұлы. - Майқоңыр-Бескепе ол неше шақырым? -22 шақырым. Оның да жобасы дайын. –Қанша?- 973 млн. –Бірге қоса істеу керек онда. Күзді күтпей жариялай беру керек. Сосын мердігерді белгілеп, қысқы уақытта қиыршық тастар сияқты материалдарын дайындай берсін. Көктемде кірісіп істеп тастайды. Қыста ыңғайлы ғой тасу дегеніміз. –Қыста тасыған негізі дұрыс. Өйткені, көктемде паводки сезон басталады ғой. –Экспертизадан өткіздіңіздер ме? –Жоқ тосып отырмыз. – Центр качествадан өткіземіз ғой иә? Келісім бар ма?- Бар. Сосын Асайын қуандықұлы, сіздің тапсырмаңыз бар ғой ауыл көшелерін түгел істеу керек деген. Ауыл ішіндегі үш көшені түгел істеп тастадық. – Иә көрдім. Әлеуметтік нысандарға бәріне иә?
Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру үшін өңір басшысы аудан әкімдігіне салалық басқармамен бірлесіп пысықтауды тапсырды. Бұл ретте бірінші кезекте жаңартуды қажет ететін жолдарға басымдық беру қажет.