Негізгі Жаңалықтар «Ақсу толқыны» маусымын қорытындылады

«Ақсу толқыны» маусымын қорытындылады

Ақсу қаласында жаз бойы қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған «Ақсу толқыны» жазғы жобасы өз мәресіне жетті. Жобаның қорытынды кеші қалалық жағалауда ұйымдастырылып, шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.


Ақсу қаласында жеті жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Ақсу толқыны» жазғы мәдени бағдарламасы биыл да тұрғындардың басын қосты. Негізгі мақсат – қала тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастырып, шығармашылыққа қызығушылығын арттыру.

Айта кетейік, жобаның жабылу салтанатында Ақсу қаласының түрлі буын өкілдерінен құралған шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Өнерпаздар сахна төрінде өз өнерлерін ортаға салып, мерекелік кештің көркін қыздырды. Кешке қатысушылар өздерінің көтеріңкі көңіл-күйлерімен бөлісіп, жазғы жобаның сәтті өткенін атап өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шаралар барысында тұрғындар мәдени-шығармашылық кештерге белсенді қатысып, өнерпаздар өз қабілеттерін ортаға салды. Қала тұрғындары үшін мазмұнды әрі көңілді жазғы кештер сыйлаған «Ақсу толқыны» келесі жылы да өз жалғасын табады.

Салтанат Бауыржанқызы


Бөлісу

Аймақтық телеарналар