Сауда үйінде өрт шықты
Павлодар қаласындағы сауда ғимаратында өрт шықты. Жалын бірнеше сату нүктесін шарпыған. Жалпы тілсіз жау қанша аумаққа таралды, зардап шеккендер бар ма?
Павлодар қаласында 1 қыркүйек күні таңғы сағат 06:20- да Манақбай сауда үйінде өрт шыққаны туралы 112 нөміріне хабарлама түскен. Оқиға орнына өрт сөндіру бригадасы жедел жіберілді. Келген бойда газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары ғимарат ішіне кіріп, барлау жұмыстарын жүргізіп, өрт ошағының бірінші қабатта екені анықталды. Онда алты бутикті жалын шарпыған, - делінген хабарламада. Өрт сөндірушілер қою түтін жағдайында жұмыс істеді. Құтқарушылар өрттің таралуына жол бермей, жалынды 07:15-те оқшаулап, кейін 07:39 толықтай сөндірді. Тілсіз жау жалпы аумағы 120 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттің шығу себебі анықталуда.Төтеншеліктер өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салады. Өрт белгілері байқалған жағдайда дереу «112» нөміріне хабарласу қажет.