Тіл – рухани қазына
Май ауданында мұғалімдер, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер үшін «Тіл рухани қазына» көшпелі семинары ұйымдастырылды. Онда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың тетіктері сөз етілді. Толығырақ тілші сюжетінде.
Мемлекеттік тіл саясаты әлі де өзекті. Қанша жерден қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, қолданылу аясын кеңейткіміз келсек те қордаланған сұрақтар бар. Осы сұрақтардың алдын алу, шешу мақсатында өңірде көшпелі семинар өтіп отырады. Кезекті кездесу Май ауданында ұйымдастырылды.
Жайрангүл Рахманбергенова, Май ауданы ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Бүгін Май ауданында «Тіл рухани қазына» атты көшпелі семинар ұйымдастырылды. Семинарға мемлекеттік қызметкерлер, қазақ тіл імен әдебиеті мұғалімдері, кітапханашылар, жастар және кәсіпкерлер қатысуда. Кездесуде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін дамыту, ономастика және көрнекі ақпарат мәселелері талқылануда. Тіл ұлттың рухани негізі демекші, осындай семинарлар тәжірибе алмасып, тіл мәселелерін бірге талқылауға мүмкіндік береді.
Семинар барысында мемлекеттік қызметте, білім беру саласында және жалпы қоғамда тілге қатысты кездесетін өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Ғалымдар мен тіл жанашырлары қоғамда қордаланған тіл мәселелерінің себептерін саралап, оларды шешудің тиімді жолдарын ұсынды.
Айман Зейнулина, Филология ғылымдарының кандидаты
Негізі бұл «тіл рухани қазына» үлкен тақырыптың ішінде ұйымдарда, кәсіпорындарда мемлекеттік тіл саясатын наисхаттау, оны түсіндіру, қызметте қолданыс аясын жүзеге асыру мақсатында орындалады. Осыған байланысты университеттің ғалымдары, тіл жанашырлары осы аяда қызмет жасап жүрген баскөз болып жүрген Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшылық жасайды. Біз сол басшылықтың нұсқауымен әр аудандарға барып, бүгінг ітіл саясатын ансихаттауда дәрістер айтамыз. сол аймақтың өзекті мәселелері ономастика, жарнамаға байланысты мектепте, колледжде немесе қоғамда, сол мекендерде тіл саясатын талдай отыра белгілі бір ұсыныстар жасап кетеміз.
Батырбек Қайыр, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы
Облыстағы тіл саясатына жауапты бірден бір мекеме болғандықтан, біз тіл заңанамасына қатысты өзге де заңнамалық актілерге енгізілген жаңалықтарды түсіндіру, жұртшылықпен кездесу, тілсаясатын насихаттау, жұмысын қолға аалу керекпіз. Осы мақсатта келіп отырған жайымыз бар. қай ауданды алсақ та әр ауданның жетістіктері бар, сол бағытта жұмысты жалғастыруды түсіндіру мақсатында келіп отырмыз.
Көшпелі семинар өңіріміздің барлық аудандарын қамтиды. Аталған іс-шараны облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырып отыр.
Самал Қалиқызы