Негізгі Жаңалықтар Май ауданында мал азығы қоры дайын

Май ауданында мал азығы қоры дайын

Май ауданында қысқа мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүруде. Биыл шөптің шығымы гектарына 20-25 центнерді құрап отыр. Жалпы Май ауданында қара мал саны қанша? Тілші сюжетінде


Май ауданында 332 шаруа қожалығы бар. Ауданда қара мал саны 49 мың бас, қой 65 мың бас, жылқы 42 мың басты құрайды. Осы ретте шаруалар қысқа дайындық маусымын тиісті деңгейде өткізу үшін жылдағыдай арзандатылған дизель отынымен де қамтылды. 

Медет Бақауов, Май ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

Биылғы 2026-2027 жылғы қысқы мерзімге 65 мың шаршы мал басы кіреді деп жспарлануда. Оған 112,5 мың тонна мал азығы қажет. Бүгінгі күні 97,5 тоннасы дайындалып 86 пайызды құрап отыр. Мал азығын дайындаудың негізгі бөлігі Ертіс өзені жайылымында жүргізіледі. Бүгінде Ертіс өзенінде 40 мың гектар жайылым бар, 86 пайызды құрап отыр. 

Сонымен, бөлім басшысы биыл шөптің шығымы гектарынан 20-25 центнерді құрап отыр деді. Май ауданында аталмыш жұмыстар қыркүйек айының 10-ына таман толық аяқталады деп жоспарланып отыр. 


Самал Қалиқызы



Бөлісу