Негізгі Жаңалықтар Мен қазақша сөйлеймін

Мен қазақша сөйлеймін

Павлодарда тілдер күніне орай «Мен қазақша сөйлеймін» байқауы қорытындыланды. Сайысқа облыстың аудан, қалаларынан қазақ тілін меңгерген әр түрлі халық өкілдері қатысты. Сайыс жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне әріптесім қатысып қайтты. 


Жыл сайын ұйымдастырылатын «Мен қазақша сөйлеймін» байқауының басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, қоғамда насихаттау. Биылғы сайысқа қатысушылар бес минуттық бейнежазба дайындап, әлеуметтік желілерде жариялады. Ал қазылар алқасы желі қолданушылары жинаған лүпіл санын ескере отырып, видеолардың мазмұны мен сапасына басымдық беріп саралады.

Қайрат Алтаев, Павлодар облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары

«Біз бұл сайыситың қорытындысын шығарағнда, әділ қазілар алқасы шебер сөйлеуі, сөз саптаулары – соның барлығы ескерілді. Яғни, жаттанды сөздер емес, өздерінің қаншалықты кәдімгідей мемлекеттік тілді меңгеріп, еркін сөйлей алатындықтары. Әлеуметтік желіліерде өздерінң жұмыстарын көрсетті. Бұл жерде, тіпті, сайысқа қатысушыларымыз қазақтың салт-дәстүрлерін көрсетті, оның ішіндегі баурсақ пісіру, оның ішінде бесікке бөлеу т.с.с. дәстүрлердің өзін көрсетіп, оның өзін мемлкеттік тілде, яғни қазақ тілінде насихаттауы – өте жақсы, өте көңіл қуантатындай дүниелер болды.» 

Айта кетейік, байқауда жас шектеуі қойылмаған, барлығы жиырмаға жуық үміткер – қала мен аудан жастары ерекше белсенділік танытты. Сайысқа қатысқандардың бірі – қазір ұстаздық жолда қызмет етіп жүрген Кристина Шевчук.

Кристина Шевчук, байқау жүлдегері

 «Қазақ тілін енді бес-алты жасымнан оқи бастадым. Алмагүл Алексеевна деген мұғалімім болды, сол кіші кезімнен мені қазақ тіліне үйретті. Сосын қазақ мектебіне бардым, сосын қазақ колледжіне түстім, университет қазақша бітірдім. Қазіргі мамандығым – бастауыш сынып мұғалімі. Кішкентай балалармен жұмыс жасаймын – екінші, үшінші сынып оқушылары, қазақ сынып. Оларды да үйретіп жатырмын, «қазақша сөйлеңдер» дегендей, «абайдың қара сөздерін оқыңдар» дегендей. Абай оқуларына әрдайым қатысамын, Мұқағали мақатаве өлеңдерін оқимын, Абай Құнанбайұлының қара сөздерін оқимын, жатқа айтып. Әртүрлі конкурстарға, сайыстарға қатысып жүремін.» 

Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған 13 қатысушы алғыс хаттар мен ақшалай сыйлыққа ие болды. Атап айтқанда, жақсы нәтиже көрсеткендерге елу мың теңге, ал жүлдегерлер мен жеңімпазға сәйкесінше жүз мың, жүз жиырма мың және жүз елу мың теңгелік арнайы сертификаттар табысталды.


Жұлдыз Қабылденова



Бөлісу