Негізгі Жаңалықтар Айтылды – орындалды: әуе қатынасы

Айтылды – орындалды: әуе қатынасы

Айтылды – орындалды. Қазақстанның әуе кемелері паркінде 2026 жылы ұшақтар саны 111 ге жетті. 2026 жылғы негізгі авиациялық жобалардың қатарында Арқалық әуежайын қалпына келтіру, Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі қалаларында жаңа әуежайлар салу, Алматы мен Үржар әуежайларының терминалдарын реконструкциялау, Шымкент әуежайында екінші ұшу-қону жолағын салу, сондай-ақ Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмыстары бар.


Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүргізілді. Бірнеше айға созылған ауқымды жоба аяқталып, әуе қақпасы қайтадан жұмыс режиміне көшті. Елордадан жеткен алғашқы әуе кемесі жолаушыларды Павлодарға жеткізді.

Реконструкция барысында ұшу-қону жолағының ені 45 метрден 60 метрге дейін кеңейтілді. Бұл әуе кемелерін қабылдау мүмкіндігін арттырып, рейстердің қауіпсіз әрі тұрақты орындалуына жол ашады. Ал жолаушылар терминалын жаңарту – жұмыстың келесі кезеңі.

Алғашқы Астана – Павлодар рейсімен келгендердің қатарында Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров та бар. Оның айтуынша, елімізде әуе инфрақұрылымын жаңарту бағытындағы бірқатар жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

Мақсат Қалиақпаров, Қазақстан республикасының көлік вице-министрі

Қазір үлкен жобалар іске асып жатыр. Бүгін Арқалықта ашылып жатыр. Осының бәрі қазақстанның 6 аэропорты ремонттық жұмыстраы жүргізіліп жатыр. Осының бәрін этап-этап бойынша іске асыратын боламыз.

Павлодар аэродромын қайта жаңғыртуға 16 миллиард теңгеден астам қаражат бағытталды. Оның 9,3 миллиард теңгесі Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген. Яғни жобаны қаржыландырудың жартысынан астамы мемлекет меншігіне қайтарылған активтерден түскен қаражат есебінен жүзеге асырылды.

Ербол Құлбаев, Қазақстан республикасы бас көлік прокуратурасының бірінші орынбасары

Өздеріңізге мәлім елімізде заңсыз шығарылған активтерді қайтары жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен. Арнайы есептен алынды.

Айта кетейік, Еліміздегі қалааралық ұшақ қатынасында ең арзан баға ұстап тұрған Ертіс-Баян өңірі. Астанадан Павлодарға ұшып келу құны 15 мың теңге. Билет бағасы жергілікті бюджеттен субсидияландырылады.


Байтұрсын Жұмабай



Бөлісу