Негізгі Жаңалықтар Солнечный кентіне – 40 жыл

Солнечный кентіне – 40 жыл

Екібастұз қаласы жанындағы Солнечный кентінің құрылғанына 40 жыл. Елдімекен мерейтойы ауқымды деңгейде атап өтілді. Бір топ азамат қала әкімі атынан марапатқа да ие болды.  


Солнечный кентінің құрылғанына биыл 40 жыл. Соңғы кездері елдімекенде оң өзгерістер байқалады. Кентте 20 мың шаршы метр автомобиль жолдар жөнделіп, аумақтар абаттандырылып, жарық өткізіліп, тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін жағдай жасалуда. Балалар үшін 5 заманауи балалар алаңы орнатылды. 

Солнечный кентінің 40 жылдық мерейтойына орай Екібастұз қаласына сіңірген еңбегі үшін бірқатар азаматқа төсбелгілер мен құрмет гратоталары табысталды. Кенттің мерейтойы күні бойы тойланды.Тұрғындар мен қонақтар үшін түрлі шығармашылық, спорт алаңдары орнатылды. Солнечный кентінің тұрғындары ізгі ниеттері мен жылы лебіздерін білдірді. 

Негізі Солнечный 1986 жылы Екібастұз ГРЭС-2 құрылысымен байланысты энергетиктер үшін негізі қаланған заманауи елді мекен. Бүгінгі таңда кентте қанша отбасы өмір сүріп, еңбек етіп, өмірін Солнечныймен байланыстырып отыр. Сондықтан бұл мерейтой осы жандардікі деуге болады. 


Самал Қалиқызы 



Бөлісу