Негізгі Жаңалықтар «Жас сарбаз» әскери – патриоттық қозғалысы атығай ауылында

«Жас сарбаз» әскери – патриоттық қозғалысы атығай ауылында

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының өкілдері Астанадан Екібастұзға арнайы келді. Қонақтар Атығай ауылындағы су жаңа мектепте болып, оқушылармен кездесті. 




Ел қорғау дәстүрі ежелден қалыптасқан халықпыз. Ерлікпен аты шыққан бабаларымыздың есімін күллі әлем біледі. Бұл мақсат-мұрат бүгінгі таңда қаншақыты жалғасып жатыр. «Жас сарбаз» әскери патриоттық қозғалысы осы бағытта жастармен жұмыс істейді. Атығайлық оқушылармен кездесу барысында қозғалыстың мақсаты мен міндеті туралы кеңінен баяндалды. 

Атығай ауылындағы су жаңа мектеп 120 орынға шақталған. Әскери дайныдық кабинеті арнайы бөлініп, оқушыларға ел қорғай білу дағдыларының алғашқы әліппес үйретіледі. 

Қонақта оқушылармен кездесіп, тағылымды әңгіме құрып қана қойған жоқ. Білім ордасының қабырғасныда қару атудан жарыс өтті. Оған оқушылар белсен қатысты. Жеңімпаздар марапттар мен алғыс хатқа ие болды. 





Бөлісу