Негізгі Жаңалықтар Мемлекеттік қызметкерлер арасында шахмат турнирі ұйымдастырылды

Мемлекеттік қызметкерлер арасында шахмат турнирі ұйымдастырылды

Павлодарда мемлекеттік қызметкерлер арасында шахмат турнирі өтті. Оған барлық аудан, қалалардан келген он команда қатысты. Олардың ішінде топ жарған бір ғана команда Астана қаласында өтетін республикалық сайысқа жолдама алады. 


Мемлекеттік қызмет істері департаменті шахмат турнинрін сала мамандары арасында өтетін тұрақты шаралардың біріне айналдыруды көздеп отыр. Бұл облыстық іріктеу кезеңі. Оған он команда жасақталып келді. Араларынан озғаны Астанаға жолдама алады. 

Мемлекеттік қызметкерлер де шахмат ойынынының өз кәсіптері үшін маңызды екендігін жақсы түсінеді. Әлемге кең таралған осынау ойынның ойлау дағдысын жақсартып, таным көкжиегін кеңейтетіндігін айтады. Сондықтан, әркез қолдары қалт еткенде шаршы тақтаға үңіліп, зияткерлік дағдыларын қалыптастыруға тырысады. 

Батырбек Әлиев, Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

Шахмат жоғары деңгейдегі зимяткерлік ойын екенін баршаңцыз білесіздер. Бірнеше қадам алдын-ала ойлану мемлекеттік қызметшілер үшін аса қажет дағды. Шешімталдық, қажет жүрістер жасай білу саладағы әр маман үшінм аңызды. Сондықтан, бұл сайысты ұйымдастырудың да маңызы қаншалықты екені түсінінікті. 

Әр ойыншыға 10 минут уақыт берілді. Осылайша қатысушылар қысқа уақытта қарым-қабілеттерін танытты. 




Бөлісу