Теміршот қажыны еске алуға арналған турнир өтті
Железин ауданында КСРО-ның еңбек сіңірген ұстазы, қоғам қайраткері Теміршот Қажыны еске алуға арналған дзюдодан республикалық турнир өтті. Дәстүрге айналған спорт додасында биыл 200-ден астам мықты бақтарын сынады.
Жерлесіміз Теміршот қажының ұрпағы жылда Железин ауданында әкесін еске алып, аруағына Құран бағыштап, ас беріп, ауқымды спорт шарасын ұйымдастырады. Биыл да дәстүрлі түрде дзюдодан республикалық турнир жалғасты.
Бұл турнир осымен 16-шы жыл қатарынан өтіп жатыр. Қаншама жас спортшылар осы жарыстың арқасында бағы жанып, биік белестерге жетуде. Бұл жарыс қаншама жас палуанға күш пен рух берді, жеңіске жетеледі. Осылайша қажы атамыз өз балаларымен қоса қазақтың қанша баласын тәрбиелеп жатыр деп айтуға болады.
Жарысқа КСРО-ның спорт шебері Ахат Әшіров төрелік етті.
Ахат Әшіров, КСРО-ның спорт шебері
Бұл турнирге 22 команда келді. қатысушылар саны 200-ден асады. 2011, 2012 жылғы туған қыздер мен ұлдар қатысып отыр. Бұл турнир республикалық турнир, республикалық спорт шараларының күнтізбесінде тұр. 1,2,3 орын алғандарға спорт шеберлігіне үміткер дәрежесі беріледі.
Сонымен жарысқа, ШҚО, Жетісу, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Абай облыстарыменмен Семей, Шымкент, Астана, Павлодар қалаларынан 200-ден астам спортшы қатысты.
Амангелді Абдурахман, қатысушы
Осы спортқа әкелген мені ағам, оған көп көп рахмет. Бүгін Құдай қаласа чемпион боламын деп ойлаймын.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғыс хаттар, медальдар табысталды.
Самал Қалиқызы