Шаһар басшысы тұрғындармен кездесті
Кезекті «Қала жаңалықтары» айдарына берейік! Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков облыс орталығының тұрғындарымен кездесті. Онда павлодарлықтар үйдің техникалық паспорты, кондоминиум тіркеу, тұрақ орнын кеңейту, қоқыс жәшіктерін орнату сияқты мәселелер бойынша өтініштері мен ұсыныстарын айтты.
Хасар Хабылбеков, Павлодар қаласының әкімі
Үйдің техникалық паспорты және құқықтық құжаттарын табамыз. Алайда үй тұрғындары кондоминиум тіркегісі келсе, жер актісін өз бетінше алуы керек. Кейін кондоминиум рәсімделеді. Оған үйдің жанындағы 5 метр іргелес аумақ та кіреді.
Хасар Хабылбеков, Павлодар қаласының әкімі
Жылу трассасы өте ме? Егер өтсе, мұнда көлік қоюға болмайды. Өйткені олардың құбырды зақымдауы мүмкін. Бұл мәселені келесі жылы қарастырайық. Аумақты асфальттап алған соң, көрейік. Тұрақты сонда жасаймыз. Әбілқасым Бейсенұлы, мұны келесі жылдың жоспарына қосыңыз.
Хасар Хабылбеков, Павлодар қаласының әкімі
Бұл түйін ортақ хаттама негізінде шешіледі. Қажет құжатты толтырыңыздар, кейін барлығы қалпына келтіріледі. Жарай ма?