Негізгі Жаңалықтар “Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі” атты қалалық конкурс өтті

“Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі” атты қалалық конкурс өтті

ХХ ғасыр басындағы көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын насихаттауға арналған дәстүрлі «Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» атты қалалық конкурс өтті.


Байқау қазақ халқының сөз өнерін қастерлеуге, ұлттық әдебиеттің мәртебесін көтеруге бағытталған. Шараға ақын өлеңдерін жатқа оқитын көркемсөз шеберлері мен шығармашылыққа құштар жастар қатысты.

Конкурс үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар Сұлтанмахмұт Торайғыровтың романдары мен поэмаларынан үзінді оқыды. Екінші кезеңде ақынның тоғыз өлеңінің бірін мәнерлеп жатқа айтты. Ал соңғы кезеңде ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты викториналық сұрақтарға жауап берді

Оның «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам» деген өршіл үні – ел болашағына сенім артқан жас ұрпақ үшін рухани бағдар. Сондықтан ақын шығармашылығын насихаттау – өткенді ұлықтау ғана емес, бүгінгі ұрпақтың бойына ұлттық рух пен азаматтық жауапкершілікті сіңірудің маңызды жолы.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталып, марапатқа ие болды. Мұндай шаралар жас таланттардың қабілетін танытып қана қоймай, қазақ әдебиетінің құндылықтарын келер ұрпаққа жеткізуге жол ашады.


Қымбат Садық


Бөлісу