Негізгі Жаңалықтар «Қазақстан – біртұтас ел» атты квиз ойыны өтті

«Қазақстан – біртұтас ел» атты квиз ойыны өтті

Республика күні қарсаңында Павлодар облыстық жастар бастамаларын дамыту орталығында «Қазақстан – біртұтас ел» атты квиз ойыны өтті. Танымдық сайысқа колледждер мен техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысып, тарих, логика және ұлттық құндылықтар бойынша білімдерін сынады. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Зияткерлік сайысқа 50-ге жуық студент жиналды. Қатысушылар үш кезең бойынша бақ сынап, тарихи деректер, логикалық тапсырмалар мен ұлттық құндылықтарға қатысты сұрақтарға жауап берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай формат жастардың білімін шыңдап, ел тарихына деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Наргиз Жұмабекова, креативті жастармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы

Бүгін павлодар обл жастар бастамаларын дамыту орталығында « қазақстан біртұтас ел атты квиз ойыны өтуде. Республика күніне орай. Іс шараның жалпы мақсаты жастарды, студенттерді квиз ойны арқылы білімге патриоттық сезімге баулу, қазақстан тарихын білу деген сияқты. Бізге осы ойынға студенттер, техниалық кәсіптік білім студенттері, шамамен 50 студент қатысуда. Квиз ойыны 3 кезеңнен. 1ші тарих ізі, тариъхқа қатысты сұрақтар болдаы. 2ші кезең ойлан тап, логикалық сұрақтар болады. 3 ші кезең біртұтас қазақстан. Мұнда мәдени құндылықтар , мемлекеттік рәміздер тур сұрақтар дайындалған. Жеңімпаздарға арнайы бренделген сыйлықтарымыз бар. 1,2,3 орындар диплмдар табысталады.

«Ақиқат» дебат клубының командасы да өзара білімі мен тапқырлығын ортаға салды. Қатысушылардың пікірінше, мұндай басқосулар тарихты тереңірек танып, ой-өрісті кеңейтуге ықпал етеді.


Толғанай Мейрамбай, студент

Мен Ақиқат дебат клубының мүшесімін. Яғни бүгін 25 қазан республика күніне орай бұл шара ұйымдастырылуда. Яғни қазақситанның ізі, болашақ қазақстан деген секілді жобаларды қамтиды. жалпы біздің топта 5 адам. Бізге алдын ала ескертілді. Жалпы өзіміз қащзақ болғандықтан тарихымызды білеміз. негізі тарихты есте сақтау, жэалпы жастар үшін. Тек тарих тақырыбында емес, басқ да тақырыптарды осындай квиз ойындарды ұйымдастырған жөн.

Мұндай интеллектуалды ойындар жастардың білімін жетілдіріп қана қоймай, топпен жұмыс істеу қабілетін де дамытады. Сайыс қорытындысы бойынша үздік командалар анықталып, бірінші, екінші және үшінші орын иегерлеріне дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Салтанат Бауыржанқызы



Бөлісу