Тұрғындар ел дамуына куә
Соңғы 35 жылда елдің даму бағыты айқындалып, қоғам өмірінде елеулі өзгерістер болды. Ел тұрғындары бұны айқын сезініп отыр. Мәселен , еліміз соңғы жылдары экономиканы әртараптандыруға, өңдеу өнеркәсібін дамытуға және инфрақұрылымды жаңғыртуға басымдық берді.
Нәтижесінде өткен жылы елдің жалпы ішкі өнімі 6,5%-ға өсті. Жан басына шаққандағы кіріс көрсеткіші 9,8 мың доллардан 15 мың долларға жетті. Қазір еліміз бойынша коммуналдық саланы жаңарту пәрмен алды. Осының бәрі тұрғындардың өмір сапасын жақсартып, елдің ұзақмерзімді өркендеуіне ықпал етеді. Бұл ретте тілшіміз Павлодарлық тұрғындардың пікірін білген еді.
IT саласында үлкен жетістігіміз бар. Біздің Екібастұз қаласында Дата орталығы салынып жатыр. Каспий теңізі астынан кабель тартылып, бұл біздің түсімізге кірмеген жетістік, осыған қуанамыз.
Қазір мына Ертіске салынған көпірдің өзі қандай! Алыстан келе жатқанда өте шығып, қаншама машиналар өтіп жатады. Көпір , жол деген ел экономикасының күре тамыры ғой, міне осыны айтсақ та жеткілікті.
Осы Қазақстанымыздың Тәуелсіздігі арқасында балаларымыз шетелге шығып, оқумен сусындап ары қарай өздерінің жұмыс шаруаларын ойдағыдай атқарып жүр.
Тәуелсіздіктің торқалы тойына орай біз отанымызға келіп, міне 35 жыл болды. Ең басты жетістігім осы. Мен осыған қуанамын.
Президентіміздің қойып жатқан тақаулары. Соның ішінде мына әскери адамдардың жағдайын жақсарту, тәртіпті жақсарту деген сияқты өзгерту жасап жатқанына өз басым әскери адам болғандықтан қатты қуаныштымын.