ІІМ ардагерінің құрметіне мемориалдық тақта ашылды
Павлодардағы ІІМ оқу орталығының қабырғасына жаңа мемориалдық тақта орнатылды. Ол осы сала ардагері Ахметов Вахит Рахимжанұлының құрметіне арналды. Толығырақ – алдағы бейнематераилда.
24 қазан – ішкі істер органдарының ардагері Вахит Рахимжанұлының дүниеге келген күні. Биыл оның туғанына 100 жыл толып отыр. Өмірін осы салаға арнап, ІІМ оқу орталығын біраз жыл басқарған тұлғаның есімін ұлықтау мақсатында аталған нысан қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды.
Жиынға ардагердің жақындары, көзін көріп, бірге жұмыс істеген жандар жиналды. Олар Вахит Рахимжанұлына байланысты естеліктерді бөлісті.
Бұл игі іс ардагер рухына тағзым етіп қана қоймай, оның есімін тарихта қалдыруға бағытталған. Сонымен қатар, мемориалдық тақта орталықта білім алатын жастарға ардагердің өмір және қызмет жолын үлгі етудің маңызды құралына айналмақ.
Жұлдыз Қабылденова