Призидент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың 30 желтоқсанында бірқатар заңға қол қойған болатын. Солардың қатарында шетел азаматттарын тіркеуге өзгертулер мен толықтыруалар енгізілді. Бұдан былай шет ел азаматтарына мемлекеттік шекарадан бері өткен күннен бастап бір айдан артық тұруға рұқсат берілмейді және уақытша тіркеуге тұра алмайды. Бұл талаптар визасыз елдерден келген азаматтарға қатысты. Яғни, қабылдаушы тұлға шет ел азаматы туралы үш күннің ішінде полицияны хабардар етуі тиіс. Бұл үрдіс заманға сай электронды форматқа көшірілген.

Арман Уәлиев, полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы:

Бүгінгі таңда процедура автоматтандырылған. EGOV порталы арқылы жедел түрде жүйеге асады. Ешбір қиындықсыз, аз уақытты алады.  Егер шетел азаматы 30 күннен астам уақытқа келсе, онда міндетті түрде уақытша тіркеу жүргізіледі. Бұл бүкіл елде қолданылатын тәжірибе.

Жыл сайын 100 мыңнан астам шет ел азаматы елімізде көші-қон заңнамасын бұзады. Себебі олар Қазақстанға кіргеннен кейін тіркелуге міндетті екенін білмейді. Енді, елге келген шет ел азаматтарының уақытша тұруы туралы рұқсат құжаттарын рәсімдеу, оларды қабылдаушы жеке және заңды тұлғаларға міндеттеледі.

Арман Уәлиев, полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы:

Егер үш күн ішінде шетел азаматы тіркелмеген жағдайда, бірінші ескерту жасалады. Ал бұған құлақ аспаған жандарға айыппұл салынады.  Осы айда заңды бұзғандардың саны екі есеге артқан. Қонақ үй, турфирмалардың барлығы шетелдік келген жағдайда миграциялық қызметті ескертіп, бірден тіркеу қажет.

Шет елдік азаматтың мемлекетте рұқсат етілген мерзімі белгіленген межеден асып кеткен жағдайда, дифференциалды айыппұл салынады. Мәселен, 10 күнге созылса, 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем талап етіледі. Бұл енгізілген өзгертулер мен толықтырулар ел азаматтары мен шетел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Аяулым РАХЫМЖАНОВА