Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Успен ауданы Галицкое ауылындағы 1000 басқа арналған сүт-тауарлы ферманың жұмысымен танысты.

Жоба бастапқыда 500 ірі қараға арналған еді. Бүгінде өндіріс қуаты артып, кәсіпорын кеңейген. 2018 жылдың 3 тоқсанында серіктестік мердігер ұйымның көмегімен жобаны кеңейтуді бастап, 2020 жылы аяқтаған. Бүгінде жергілікті шаруалар көкөніс қоймасын салу бойынша ірі жобаны қолға алған. Жоба бастапқы кезеңінде, бірақ озық сақтау технологияларын енгізілетіндіктен бұл жоба өңірімізде бірегей болады деп күтілуде. 

Депутаттар жұмыс сапарлары аясында халықты әлеуметтік қолдау бағытында қабылданып жатқан заңнамалар жөнінде де айтты.

Вера Ким, ҚР мәжіліс депутаты:

Кеше ғана мемлекет басшысы  халықты әлеуметтік қолдау мазмұнындағы екі бірдей заңға қол қойды. Негізгі мақсаты әлеуметтік осал топтарды қолдауды одан әрмен жалғастыру. Қзінің жаңашылдықтары бар заң деп айтуға болады.

Сондай-ақ, депутаттар Успен ауданы Новопокровка ауылына өңітүстік өңірлерден көшіп келген тұрғындармен де кездесті. Жамбыл облысы, Меркі ауданынан көшіп келген Олеся Леонидовна көп баласы отбасы. Осы ауылға көшіп келіп, шаруаларын жүргізуде.  Бұл ауыл қазіргі уақытта қарқынды дамып келеді, жақында ғана медициналық пункт ашылыпты. Енді «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша спорт орталығы салынбақ.

 

Жанасыл Серікбол