Жансая Абайхан Мойылды ауылындағы №38 мектептің 9-сыныбында оқиды. Өңірге Пфайзер екпесі жеткізілгенін естігелі ата анасының рұқсатымен бірден вакцина алуды шешкен. Әлемді әбігерге салған ковидті тек осылай ғана жеңуге болады дейді.
Жансая Абайхан, Мойылды ауылы №38 мектебінің оқушысы:
Ата анам және мен басында қарсы болған жоқпыз. Ата анам да бірден салдыртты. Бәзге мектепке айтқан кезде мен де қарсы болмадым.
Осылайша, Жансаяның ата-анасы, ағалары тіпті бүгін 7-сыныптағы бауыры да екпе алды. Анасы Гүлнәр Төлеубай вакцинаның маңыздылығы мен қажеттілігін халық ерте түсінсе ғой деп отыр.
Гүлнәр Төлеубай, Мойылды ауылының тұрғыны:
Осы енді екі балама вакцина салдырып жатырмын. Осы мектепте екеуі ед оқиды. Мындай індет болғанда салдырған дұрыс деп ойламын. Өзім 4 баланың анасымын. Екі балам студент олар да салдырған. Өзім де салдырғам.
Вакцина мектептердегі арнайы екпе кабинеттерінде жүргізіледі. Екпеден кейін балалардың жағдайы 30 минут бақыланады. Айта кетейік, аш қарынға вакцинация жүргізілмейді.
Самал Қалиқызы, тілші:
Өткен аптада Павлодар облысына «Комирнати», яғни Пфайзер екпесінің 29 250 доза вакцинасы жеткізілді. Өңір бойынша пфайзер вакцинасын 63 180 адам алады деп жоспарлануда. Алдыңғы кезеңде 9917 адамға екпе салынбақ. Олардың ішінде 16 мен 17 жас аралығындағы 6076 бала, 1058 жүкті әйел, және босанған 2333 әйел алады деген болжам бар. қазіргі таңда облыста 492 адам пфайзер екпесінің 1 компонетні алды. Оның ішінде 26 жүкті әйел, 152 босанған келіншек, 314 бала бар.
Бүгін Мойылды ауылдық мектебіне №3 емхананың медициналық қызметкерлері келіп, 6 оқушыға Пфайзер екпесін салды.
Самал Қалиқызы