Павлодар облысының эпидемиологиялық жағдай боынша сары аймақта орналасуы өткен аптадағы жағдайлармен салыстырғанда аурудың таралу мөлшері үш есеге дейін төмендегіндігін білдіреді дейді мамандар. Қазіргі уақытта Павлодар облысында коронвирус жағдайымен ауруханаға жатқызылған адамдар саны бірнеше есеге азайған. Сондықтан, мамандар өткен аптадан бастап 140-қа жуық орынды қысқартқан.
Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасы бөлімі басшысының м.а:
Бүгінде тқсек орындарының жүктемесі 25 пайызды құрап отыр. Өткен аптада 700 ге жуық адам ем қабылдап жатқса қазіргі уақытта 300-ден асып жатыр.
PFIZER вакцинасын кімдер ала алады?
Ал, халық арасында сұрақ туғызып отырған пфайзер вакцинасын кімдер ала алады? Бұрын аталмыш вакцинаны тек жүкті және босанған әйелдер мен жасөспірімдер алды. Одан кейін жасы алпыстан асқан адамдар мен медицина қызметкерлері ревакцинациядан өткен кезде салдыруға мүмкіндік алды. 18-ақпан күні Республикасы мемелкеттік бас санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шыққаны белгілі.
Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасы бөлімі басшысының м.а:
Бүгінде бірінші, екінші компонетті бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер, сонымен қатар, шетелден осы вакцинаның бірінші компененті алып келген азаматтар Қазақстанда екіншісін ала алады. Сондай-ақ, жасы елден асқан адамдар ревакцинация кезінде ала алады.
Айта кетейік, Павлодар облысында өткен тәулікте 47 адамнан корновирус анықталса, 488 адам сауығып шыққан. Қазіргі уақытта инфекциялық төсек-орындарда 300-ден аса, үй-жағдайында 600-ден аса адам ем қабылдап жатыр.
Жанасыл Серікбол