Әртістер сахнаны, көрермен спектакльді сағынды. Бір жылға жалғасқан карантиндік шектеулер жеңілдетіліп, театр жұмысын қайта бастады. Сахна шымылдығы Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә» спектаклімен түрілді.
Біз бұл сиқымызбен қалай күн көреді екенбіз а. Әлде қаптарды тиейтін адам жалдасақ па екен. Мен саған не деп едім. Мін еайтқаным тұп тура келді. Мені енді әулие дерсін. Жоқ жеңге дей алмаспын. Тез қорытынды жасамау керек.
«Жәмилә» драмасында Ұлы отан соғысы жылдарындағы тылдағы сүреңсіз шақтармен өрілген қайсар әйелдің ауыр тағдыры суреттелген. Ол қанымызға сіңіп кеткен стереотиптерді бұзып, қойылған шектеулерден шығып өмір сүргісі келетін кейіпкер. Режиссерде осыны көрсетпек болдық дейді.
Жанкелді Садықов, Ж.Аймауытов қазақ музыкалы-драма театрының режиссері:
Көрерменнің санасына сілкініс әкелу. Қатып қалған қағидалардан күресу. Бұндай жағдайдан кез келген адам шыға бермейді.
Жәмиля былайша айтқанда рамкадан жарып шықты. Санамызда қалыптасқан стереотиптерден шығып, іздегенін тапты.
Спектакльде Айтматовтың шығармасындағы Сейіт, Данияр, Жәмилә сынды образдар керемет ашылды. Данияр мен Жәмиләнің кіршіксіз махаббаты қоғамдағы ұят, көз, сөз сынды қағидаларды сындырды. Басты рөлдерді Руслан Нығманов, Әйгерім Сүлейменова, Рахат Жұмаханов сомдады.
Әйгерім Сүлейменова, Ж.Аймауытов қазақ музыкалы-драма театрының әртісі:
Өзімнің көңілімнен шықты. Ең бастысы халықтың көңілінен шықса болды деп ойлаймын. Бірақ бір жылдан бері күттік қой карантинге байланысты. Қатты сағындық.
Премьераны тамашалауға аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов және өңірдің зиялы қауым өкілдері келді. Спектакль көптің көңілінен шықты.
Айта кетейік, «Жәмилә» спектаклінің премьерасын бүгін Жүсіпбек Аймауытов театрынан тағы бір мәрте тамашалауға болады.
Самал Қалиқызы