Алматы облысы білім беру басқарамысының ұйымдастырумен өткен жыр додасына 7- мен 11 сынып оқушылары қатысты. Шығармашылық сайыс ақынның туған жерінде болды. Оған  Екібастұз қаласының оқушылары қатысып, жүлделі оралды.

Қарлығаш Жұмаділова, №25 қазақ қыздар гимназиясының мұғалімі:

Жыр бәйгесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Онда Мұқағалидің жырын сүйіп оқитын қауым жиналды. Бір таң қаларлығы Қарасаз ауылының еңбектеген жасынан, еңкейген қарияға дейін Мұқағали жырларын жатқа оқитыны бізді таң қалдырды. Осы бәйгеде біздің оқушыларымыз бір жүлделі орынды және екеуі алғыс хатпен марапатталып, елімізге оралдық.Облыстың намысын қорғап қайттық.

Жыр додасы үш бағыт бойынша өтті. «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» номинациясы бойынша Бексұлтан Қайдаров өлең шығарып, мүшайрадан жүлделі орын алды.

Бексұлтан Қайдаров, №22 гимназия мектебінің 11 сынып оқушысы:
Мен мүшайрадан қатыстым. Сол себепті өзім өлең шығаратын болғандықтан ол кісінің өмірбаянын зерттеп, балалық шағынан бастап. Өмірден өткенге дейін, басынан өткен қиын сәттердің барлығын зерттеп қарап, өлең шығардым.
Екібастұз қазақ қыздар гимназиясының 8 сынып оқушысы Мерей Рамазан мұзбалақ ақынның 56 өлеңін жатқа біледі екен. Шындық еңбегін бізге  айтып берді.

9 сынып оқушысы Аяулым Аманкелдіқызы Мұқағали Мақатаевтың 3 поэмасын жаттаған.  Ол жыр эстафетасы бағыты бойынша өнер көрсетіп, марапатқа ие болды.
Поэзия оқуды  жанындай жақсы көретін оқушылар аймақ намысын қорғап, өткен сайыстан мол тәжірбие алды.


Әйгерім Тоқпанқызы