Баспана мәселесін шешу жолында тағы бір маңызды мүмкіндік пайда болды. Енді мұқтаж азаматтар "Orken" бірыңғай онлайн платформасы арқылы тұрғын үй кезегіне тұруға өтініш беріп, өз мәртебесін онлайн түрде анықтай алады.Толығырақ алдағы сюжетте.
Цифрлық жүйе арқылы өтініш беру тұрғындардың өмірін жеңілдетіп қана қоймай, тұрғын үй бағдарламаларына қатысудың ашықтығын арттырады. Қазақстандағы цифрландыру процесінің бір көрінісі ретінде "Orken" бірыңғай онлайн платформасы порталы – әлеуметтік әділеттілік пен қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған тиімді құрал.
Арман Нұрғаламов, «Отбасы банк» АЖ бизнес дамыту бөлімінің басшысы
Азаматтар 24 мамыр, сағат 9.00-ден бастап осы платформада тұрғын үйге мұқтаж жан ретінде өтініш беріп, есепке тұра алады. Ол үшін қолданыстағы электронды цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, сайтта тікркеуден өту қажет. Азаматтарды тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою – бұл мемлекеттік қызмет. Бұл қызметті көрсету мерзімі - бір жұмыс күні. Егер өтініш беруші өтінімге сканерленген құжаттарды қоса берсе, онда қызмет көрсету мерзімі үш жұмыс күнін құрайды. Яғни, егер азамат демалыс күні өтініш берсе, онда есепке алу демалыс күнінен кейінгі жұмыс күні іске асырылады, Әлеуметтік осал топтарда тұрған жандар меншік құқығында соңғы бес жылдың ішінде тұрғын үйдің болмауы басты шарттың бірі.
Ең бастысы – бәрі ашық әрі әділ. Порталға тіркелген әрбір азамат өзінің кезектегі мәртебесін онлайн бақылай алады.Бұған дейін кезекте тұрғандардың базасы банкке берілетін болады.
Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке тұру үшін азаматтың атына тұрғын үй тіркелмеген болуы керек. Сондай-ақ, белгілі әлеуметтік топқа жататыны және табысы шекті деңгейден аспайтыны ескеріледі.
Жаңа онлайн жүйе – уақытты үнемдеп, құжат жинаудағы қиындықтарды азайтуға бағытталған. Айта кету керек, "Orken" бірыңғай онлайн платформасына кезекке тұру 24 мамырда,сағат 9:00-ден басталады.
Қымбат Садық