Балаларды қорғау күніне орай «Полиция-балалардың қорғаны» атты шара ұйымдастырылды. Тимбилдинг форматында өткен шарада балалар спорт жарыстарына қатысып, шыңдалды. Толығырақ келесі сюжетте.
Жас ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалар мен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді арттыру қоғам үшін әрқашан маңызды міндет болмақ. Осы мақсатта қалалық полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери бөлімдері бірлесіп, балаларға арналған тимбилдинг ұйымдастырды.
Асхат Байдраков, 6679 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік құқық жөніндегі бөлімше бастығы
100-дей шақты бала-шаға болады. Кірберісте бүкіл әскери-техника қойылды, және қару-жарақтар қойылды. Осы шаралар біздің өсіп келе жатқан балаларымыздың патриоттық сезіміне өте жақсы әсер етеді. Және барлығын келе жатқан балаларды қорғау күнімен құттықтаймын.
Балалар түрлі спорттық ойындарға, жарыстарға белсенді атсалысты. Сондықтан бұл өте пайдалы әрі тәрбиелік мәні зор. Ата-аналар да оң бағасын беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Балжан Шахиева, ата-ана
Полиция департаменті мен 5512 әскери бөлімі бізді, балаларды осылай мерекелік шараға шақырды. Өте қуаныштымыз, балаларға керемет көңіл-күй сыйлап жатыр. 3 баламды алып келдім шараға, әртүрлі концерттік бағдарламалар, эстафеталар ұйымдастырылуда.
Дария Тасболатова, оқушы
Маған осы шара ұнап жатыр. Мұнда жүгіруге, балалармен ойнауға болады. Барлығы үшін рақмет айтамын
Айта кетейік, шара 100-ге жуық баланы қамтыды. Қатысушы балаларға естелік сыйлықтар да табысталды.
Қымбат Садық