Павлодарда сүндеттеу отасынан кейін бала денсаулығына ауыр зардап келтірген балалар хирургіне қатысты сот үкімі шықты. Дәрігер бір жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасына кесіліп, аталған уақыт аралығында кәсіби қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Қылмыстық іс қалалық мамандандырылған ауданаралық соттында қаралды. Толығырақ тілші әңгімесінде.

2023 жылы тамызында Павлодарда бес жасар балаға жасалған сүндеттеу отасы кезінде медициналық қателікке жол беріліп, баланың жыныс мүшесінің үштен бір бөлігі кесілген. Бұл оқиға қоғамның назарын аударып, баланың ата-анасы дәрігерді жауапкершілікке тартуды талап етті. Қылмыстық іс қозғалды. Дәрігерге кәсіби міндетін дұрыс атқармағаны және соның салдарынан баланың денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін айып тағылды.

Қуаныш Түлебаев, Павлодар қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы

Уголовно процессуального кодекса РК суд приговорил Ақшолақова Мухита Қадырбековича признать виновным завершений преступление .. Сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот бір жыл мерзімге бостандығын шектеу және дәл осы мерзімге хирург ретінде медициналық қызмет көрсету құқығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін он күн ішінде пробация қызметіне баруға міндеттелді... С лишением права заниматься оказанием медицинских услуг в должности хирурга сроком на один год.

Сондай-ақ, сот шешімімен дәрігер мемлекет пайдасына медициналық көмекке жұмсалған 90 мың теңгеден астам шығынды өтеуге, сондай-ақ жәбірленуші тараптың адвокаттық қызметіне кеткен 1,2 миллион теңге сомасын төлеуге міндеттелді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Ал бала тағдырына түскен ауыр салмақ әлі де жеңілдеген жоқ. Бүлдіршін ұзақ оңалтудан өтіп жүр.

Әйгерім Тоқпанқызы