Павлодарда алғаш рет инженерлік сала бойынша педагогтар арасында республикалық шеберлік сайысы өтті. Конкурсты өткізуге біздің өңірдің таңдалғаны қуантады. Әр өңірден қатысушылар келіп, екі күн бойы 4 модульден бақ сынады.

Инженерлік сала бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасындағы республикалық шеберлік конкурсы алғаш рет өтіп отыр.

Самал Айтқазина, Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы

Бүгінгі таңда министрлік тарапынан өткізілген шараның бастауы Павлодар облысында өтуінің біздің өңірде болуы қуантарлық. Бүгінгі таңда облыста қарқынды дамып келеді. Сондықтан инженерлік сала - инженерия саласы деп білеміз. Аталмыш сайыс өткізілеп жатыр.

Әр аймақтан радиотехника, электроника және телекоммуникация бағыттарындағы колледждердің оқытушылары келді. Сайыс жұмысшы мамандықтар жылы аясында аталмыш мамандық мәртебесін арттыруды мақсатында етіп отыр.

Берік Молдакәрімов, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің оқытушысы

Педагогтер арасында бұл алғаш рет өтіп отыр. Радиотехника, телекоммуникация саласы бойынша. Басқа бағыттар бойынша болып тұрады. Байланыс саласы бойынша біз алғаш рет қатысып отырмыз.

Әділбек Саяхат, Астана политехникалық жоғары колледжінің оқытушысы

Бұл жеке басымда алғашқы қатысуым педагогтер арасында. Студенттер арасында қатысқан болатынбыз. 2023 жылы қалалық деңгейде 1 орын иегеріміз.

Республикалық конкурс 4 модуль бойынша өтті. Алғашында қатысушылар тест тапсырмаларына жауап берді. Келесі кезеңдерде практикалық тапсырмалар орындалды. Олардың бірі – барлық желілерге қосылған «ақылды үй» жасау болды.

Марат Нығметов, Павлодар жоғары электроника және коммуникация колледжінің басшысы

Әр конкурс нәтижесі сисқа белгіленіп отырады. Әділдік деген сол. Компьютермен сол. Бас сарапшы, тәуелсіз сарапшы болады. Сол сисқа тіркеп отырады. Біз қорытынды жасағанда сахнаға шығарамыз. Ол ең 700 балл, қалғаны медаль алады деген үміттеміз.

Осылайша қатысушыларды түрлі деңгейдегі сарапшылар бағалады.

Фарида Шалова, жоғары IT және жаңа технологиялар колледжі директорының орынбасары

Бүгінгі конкурсқа мен сарапшы ретінде келіп отырмын. Өз коллеждімнен оқытушы әкеліп отырмын. Барлық ұстаздар аттестация өтеді, негізгі критереий осындай конкурстарға қатысу. 4 модуль бойынша жұмыс жүргізеді. Ең үздік ұстазды анықтаймыз.

Нәтижесінде бұл ұстаздарға аттестациядан өту кезінде қосымша ұпай беретінін еске салайық.

Самал Қалиқызы