Успен ауданында егістік алқабы әртараптандырылуда. Онда биыл жалпы аумағы 252 мың гектар алқапқа тұқым себілген. Биылғы жылы астық дақылдарының алқабы 5,8 пайыза төмендетіліпті. Шаруалардың көктемгі дала жұмыстарын қалай атқарып жатқандығы жайлы облыс әкмінің сапары барысында толық айтылды.
Астық дақылдарының аумағы азайтылғанымен, майлы дақылдар алқабы 82,7 мың гектарға дейін ұлғайтылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық. Бұндай шешімнің себебі нарық сұранысы. Аудан әкімі Нұрболат Мақашевтың айтуынша, көктемгі дала жұмыстарын уақыты әлі сапалы атқару үшін шаруаларға жалпы 2,2 млрд теңге несие берілген.
Облыс әкімі Успен ауданының шаруаларымен де кездесіп, мәселерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Диқандар барлық маусымды атқару барысында еш кедергі жоқ екендігін айтты. Ауданында қалыптасқан фермерлік және шаруа қожалықтарынан бөлек жұмысын енді бастап жатқан шаруалар да бар. Мәселен, «Жалайыр» шаруа қожалығы осыдан бес жыл бұрын ағайындылардың бастамасымен құрылған.
Фермерлер 400 гектарға жуық алқапқа дәнді дақылдар егеді. Арпа, сұлы, қарақұмық, тарыдан бөлек, биыл алғаш рет күнбағыс еге бастаған. Тұқым себетін техниканы жетілдіріп, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін «Кең дала» бағдарламасы бойынша мемлекеттік несие алды.
Успен ауданында күнбағыс өндірісі артады
Ал, «Галицкое» шаруа қожалығы күнбағыс өндірісі көлемін кеңейтуді жоспарлап отыр. Кәсіпкер жобаны дамытуға өз қаражатынан 120 миллион теңге бөліпті. Бұнда сұйық майдың тазартылмаған түрі өндіріледі, негізгі бөлігі ең алдымен құс фабрикаларына жеткізіледі. Тапсырыс бойынша дүкендерге, соның ішінде Павлодар қаласындағы ірі супермаркеттерге қойылады.
Отбасылық наубайхана 16 түрлі нан өнімін дайындайды
Аудан орталығындағы «Хлебко» жеке кәсіпкерлегі «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы наубайхана ашып, өз кәсіптерін бастаған. Қазір нан өнімдерінің 16 түрін пісіріп, аудан тұрғындарына сатуда. Жеңілдетілген несиге қажетті құрылғылар алған ол, ғимаратты өз қаржысымен салыпты.
Бассейн құрылысы бір айдан бері жүріп жатыр
Аудан орталығында бассейн құрылысы сәуір айында басталған. Бассейн алты жолақты болады. Коммуналдық қажеттітікпен қамтылады. Инженерлік коммунакциялар бойынша мәселе шешілуде. Жоба құрылысы 2026 жылдың маусым айында аяқталады деп жоспарлануда. Аудан үздіктер қатарынан табылу жолында өзге де халық үшін маңызды жобаларды жасауда.
Бұдан бөлек аудан 97 пайызға таза ауызсумен қамтылған. Аудан әкімі биыл ол көрсеткіш 100 пайызға дейін жететіндігін айтты. Ал, аудандағы үш мектеп жөнделеді. Білім ордасындағы жөндеу жұмыстарын 10-тамызға дейін аяқтауды тапсырды.
Жанасыл Серікбол