Кенжекөл ауылы маңындағы Ертіс өзені жағасында «Таза су айдындары» экологиялық акциясы өтті. Шара барысында демалушылар қалдырған қоқыс жиналып, браконьерлердің заңсыз орнатқан екі балық аулау торы анықталды. Келешекте акция жүйелі түрде өтеді.

Мемлекеттік инспекторлар еріктілермен бірге су айдынында рейд жүргізді. Өзен жағасын қоқыстан тазалады. Ертіс өзенінің жағасындағы бұл тыныш жер демалыс күндері өңір тұрғындарының жиі келетін орнына айналады. Алайда демалыс соңында қалатын бөтелкелер мен тұрмыстық қоқыстар табиғаттың көркін бұзады. СНХР: Самал Темірболатова, Павлодар облысы аумақтық балық шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы

Акцияның барысында су айдындарында тасталып кеткен иесіз ауларды алып шығу. Қоқыс жинау. Бұл акцияға жергілікті атқарушы орган өкілдері ғылыми зерттеу институтының мамандары және волонтерлар қатысады. Бүгінгі күнде 2 тоннадан аса қоқыс жиналды Павлодар облысы су айдындары бойынша.

Қоршаған ортаға пластиктің зияны мол. Ол ондаған жылдар бойы ыдырамай, су мен топыраққа кері әсерін тигізеді.

Самал Темірболатова, Павлодар облысы аумақтық балық шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы

Бұл қоқыс жайдан жай шықпайды. Қала тұрғындары табиғатқа демалысқа шығады. Өздерінен кейін жинамайды. Қоқыстың бәрін тастап кетеді. Жүгінейін дегем біздің тұрғындарға өздерінен кейін тастап кеткен қоқыстарыңызды жинап отырсаңыздар.

Шара барысында заңсыз ортанылған 15 балық аулау құралдары анықталды. Сондай-ақ 2,5 мың тонна қоқыс полигонға шығарылды.

Әйгерім Тоқпанқызы