Аққулы ауданы Майқарағай ауылында күннің күрт ысуынан орман өрті орын алды. Трасшекаралық аймақ болғандықтан өртті сөндіруге көршілес өңірлермен қатар Ресейден қосымша күш тартылды. Бұл республикалық командалық штабтық оқу жаттығуларының сценарийі. Толығырақ тілші сюжетінде.
Самал Қалиқызы, тілші
Сценарий бойынша “Ертіс орманы” резерватының аумағында өрт орын алды. Алдын ала болжам бойынша себеп- күннің күрт ысуы. Хабар түскен беттен күштік құрылымдар өртті сөндіруге кірісіп кетті. Орман өртін ауыздықтауға аспанда тікұшақтар, жерде төтеншеліктер өртті ауыздықтауға тырысты.
Оқу жаттығу “Майқарағай” орманшылығында өтті. Осымен екінші жыл қатарынан өтіп отыр. Оған себеп соңғы жылдары елімізде жиілеп кеткен ірі орман өрттері. Былтыр аталмыш оқу жаттығулар Семейде ұйымдастырылған еді.
Рамиль Камалов, ҚР ТЖМ вице-министрі
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жаңа алгоритм іске қосылды. Табиғи өрт орын алғанда оны сөндірудің 7 кезеңі жүзеге асады. Осылайша былтыр 80-ге жуық өртті ушықтырмай бастапқы кезеңінде өшіруге мүмкіндік алдық. Жердегі және ауадағы күштер бірден тартылады. Кеше териялық жағын талқыладық, бүгін практикалық жағын пысықтадық.
Командалық штабтық оқу жаттығулар еліміздің барлық облыста өтті. Орталық жедел республикалық штаб біздің өңірде орналасты. Республикалық оқу жаттығулар теориялық және практикалық кезеңдерден тұрды.
Серік Батырғужинов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Бұған көрші өңірлер мен РФ Алтай өңірінен өрт сөндіру мамандары қатысты. Дайындық барысындағы жұмыстарды пысықтап, екі мемлекет арасындағы өрт сөндіру жұмыстарын пысықтап, іс қимылдың дұрыс атқару.
Біздің облыстағы оқу-жаттығуға Абай, Қарағанды, Астана мен Ресей федерациясының өрт сөндірушілері қатысты.
Ярослав Грабовский, РФ Алтай аймағы бойынша ТЖБ бастығының орынбасары
Қандай да бір апат болса бұл ортақ болып келеді, әсіресе трансшекаралық жағдайда кез келген өртті, жағдайды бірге ауыздықтауымыз керек. Бұл оқулар дайындық барысын пысықтауға, қандай да бір жағдайға дайын болуға үйретеді. Екі жақтан да тиісті мақсаттарымызға жеттік деп ойлаймын. Көрініп тұр, авиация жағы жақсы дамыған екен.
Оқу-жаттығуға 300 қызметкер, 63 бірлік көлік, оның ішінде арнайы техника, 5 әуе кемесі жұмылдырылды. Айта кетейік, жыл басынан елімізде 90-нан орман өрті орын алған.
Самал Қалиқызы