Шаһарымызда Жас сайлаушылар клубының ұйымдастыруымен іскерлік ойындар өткізілді. Басқосуға қаламыздағы 5 колледж жастары белсене қатысып, жеңімпаздар анықталды. Толығырақ тілшіміз тарқатады.
Сайлау — бұл өте маңызды құқықтық және қоғамдық-саяси үдеріс. Сондықтан сайлаушылардың, әсіресе жастардың электоралдық мәдениетін дамыту мақсатында арнайы учаскелік комиссия құрылып, үздіктерді анықтады.
Алма Козыбаева, «Kaisar KZ» ҚБ жетекшісі
Бүгінгі болып жатқан керемет іскерлік ойын жас сайлаушылар клубының қорытындысы бүгін. Осы жұмыс бір ай бұрын басталды. 5 колледж қатысып отыр. 4 колледждың атынан бір бір кандидант сайланды. Уаскелік комиссия құрылды студентерінен. 00.38 СКЛЕЙКА 00.43 Бүгін балалардың соншалық қызығушылығын көріп отырмыз. Өйткені сайлау науқанына бірінші рет қатысып отыр. Сондықтан балалар үшін бұл үлкен тәжірибе деп ойлаймын.
Бағдарлама жастардың болашағы үшін зор мүмкіндік. Дебаттық ойындарға қатысқан 500 студент сайлау жұмыстарымен танысты.
Роман Видикер, «Жас сайлаушылар клубы» іскерлік ойынының жеңімпазы
Мен осы шынайы ойынға қатысқаныма қуаныштымын. Біз жастар арасындағы қоғамдық тақырыптарды қозғадық .Одан бөлек өзімізді көпшіліктің алдында таныстыра алдым. Бізді шара барысында тексерген учаскелік комиссиялдар болды. Оларға шынайы баға үшін өз алғысымды айтқым келеді.
Ойын соңында жеңімпаздар мен қатысушылар ұйымдастырушылар атынан арнайы сыйлықтар мен мадақтама грамоталарымен марапатталды.
Салтанат Бауыржанқызы