Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы драма театрында жаңа қойылымның премьерасы өтті. Өнер ұжымы көрерменге драмалық абсурд негізіндегі «Пері қатын» қойылымын ұсынды. Атауының өзі ойландыратын қойылым қандай оқиға желісінде өрбиді, мазмұны қандай? Тілшіміз тарқатады.

Бертольт Брехттің «Кураж шешей және оның балалары» пьесасындағы оқиға Орталық Еуропада орын алған отыз жылдық соғыс барысында өрбиді. Яғни, пері әйел өз құрсағынан шыққан үш баласына қауіп төндіріп тұрған соғыс есебінен баюды көздейді. Басты кейіпкерді театр әртісі Талжібек Атамбек сомдады, оның рөлі өте күрделі, бір сәтте аянышты да, қаһарлы кейіпке айналады.

Талжібек Атамбек, Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының әртісі

Соғыста өмір сүрмесе әрі қарай өмір жоқ. Соғыстың ең қиындығы , жамандығы көбейіп әйелдің жүрегін тасқа айналдырып, зұлымдықтың көбеюі. Мұндай рөл бұрын менде болмаған. Жүректі тасқа айналдыру деген өте қиын екен. Ойнадым қатал аналарды, енелерді. Бірақ ммынадай жүрегін тасқа айналып, мейірімнен айырылу мен үшін өте қиын болды. Бірақ мен мейірімді жоғалтқаным жоқ, өзімде тұр, тек рөлде ғана.

Қойылымның қоюшы режиссері Оялякули Ходжакуди Лондоннан арнайы келген. Оның айтуынша, қойылым заманауи сахналық шешімдермен, терең философиялық мазмұнымен және актерлік шеберліктің биік үлгісімен ерекшеленді. Сахна декорациясы мен жарық, музыка және костюмдер арқылы қойылым жоғары деңгейде сахналанды.

Овлякули Ходжакуди, қоюшы режиссер

Бұл соғысқа қарсы қойылым. Адам тағдыры, соғыстың зардабы, аналық махаббат пен ашкөздіктің қақтығысы басты идея болды. Театр ұжымы да мені қолдады, жақсы шықты деп ойлаймын. Әрі актерлардың барлығы өз рөлдерін керемет сомдады, әрине ең үлкен тәжірибе болды деп ойлаймын. Кәсіби әртістермен жұмыс істегеніме өте қуаныштымын.

Бұл қойылым тек сахналық туынды ғана емес, сонымен бірге үлкен әлеуметтік-психологиялық сабақ іспеттес болды. Соғыстың салдарын, оның адам өміріне әкелген өзгерістерін терең сезіндірген туынды көрермендерді бейжай қалдырмады. Театр ұжымы жаңа көзқараспен сахналап, қоғамға ой саларлық, көркем әрі маңызды қойылымды ұсынды. Көрермен бұл туынды арқылы тек көркем дүниені ғана емес, бүгінгі күннің шындығын да көре алды.

Қымбат Садық