Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы номері 19-шы мектепте соңғы қоңырау соғылды. Білім ордасында биыл 3 сынып алтын ұядан түлеп ұшты.
Алдымен мектеп алаңына мемлекеттік ту салтанатты түрде кіргізілді. Одан соң оқушылар әнұран шырқады. Артынша жиналғандар түлектерді салтанатты түрде ортаға шақырды. Биылғы түлектердің жетісітігі мол. Әрқайысысы биік шыңдарды мектеп қабырғасында жүріп-ақ бағындырған.
Шынар Қапаева, сынып жетекшісі
Біз үшін бүгін ерекше күн. Кеше ғана бүлдіршін болып мектеп табалдырығын аттаған оқушыларым бүгін 11-сыныпты аяқтап мектеп қабырғасынан ұшқалы тұр. Жас түлектерге ақ жол! Қалаған оқулыраны түсіп, еліміздің қалаушы азаматтары болуыларына тілектеспін.
МЕктептке деген қимастық әрбір түлектің көңілінде. Алтын ұядан ұшқан әрқайсысы елімізідің ертеңі.
Меруерт Ерболатқызы, мектеп түлегі
Бүгін біз үшін қимастыққа, арманға толы күн болып тұр. МЕктеппен ғана емес, балалық шақпен қоштасып тұрмыз. Мектеп біз үшін екнші үйіміз болды. Ұстаздарға алғыс айтамзы. Үлкен үмітті, түсінікті сыйлады.
Балаларының үлкен өмірге қадам басуы әр ата-ана үшін толқыныс. Әжелер де немерелеріне ақ тілек айту үшін соңғы қоңырау шарасына келді.
Зайраш Коскина, ата-ана
Мен Баянауылдан келіп отырмын. Ілиясым 11-класс бітіріп отыр. Мектеп ұжымына көптен-көп рахмет! Түлектерге тек сәттілік, әруақ құдай қолдасын.
Мектеп білім береді. Мектеп-тәрбиелейді. Ал, оның жемісін түлектер бүгіннен бастап көре бастайды.
Жанасыл Серікбол