Әлем бойынша оқымайтын, жұмыс істемейтін жастардың қатары жыл санап көбейіп келеді. Бұл ауыр сырқаттан да қауіпті. Сондықтан еңбек – тәрбиелеудің ең негізгі факторы екенін ұмытпаған жөн. Осы ретте жастарды екі қолға бір күрек алуға ерте араластыру маңызды.
Қазақстан халқы ассамблеясы жан-жақты жұмыс жүргізеді. Әсіресе жастардың ерте еңбекке араласуы ел ертеңі үшін маңызды. Сондықтан жұмысшы мамандықтар жылы аясында жылдағы шара дәстүрлі түрде биыл да жүзеге асады.
Владимир Берковский, қоғам қайраткері
Қазақстан халқы ассамблеясы бірнеше жыл қатарынан өндірістік еңбек жобасын жүзеге асырып келеді. Биыл да жоба жүзеге асады. Бұл жастарды ерте жастан еңбекке араластыру мақсатында жүргізіледі. Себебі, қазіргі таңда қоғамда оқығысы келмейтін, жұмыс істегісі келмейтін жастар көбейіп кетті. Осы ретте тәжірибе алмасу жөн.
Самал Қалиқызы